Меню

Страницы

Статья

Талдамалық анықтама 2021 жылдың IІ тоқсанының қорытындысы бойынша

Аудан әкімі аппараты басшысының 2020 жылдың 21 желтоқсанындағы      № 186 бұйрығы негізінде бекітілген ішкі бақылау жоспарына сәйкес ІI тоқсанда 2 мекемеде: Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде ішкі бақылау жүргізілді.

Ішкі бақылау барысында қызмет алушылар тарапынан жергілікті атқарушы органдарға және қызмет берушілерге келіп түскен шағымдар жоқ екендігі анықталды.

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылдың 18 қыркүйектегі №983 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес Бөрлі ауданының 13 ауылдық округ және 1 қала әкімі аппараттары және 9 дербес бөлімі мемлекеттік қызмет көрсетеді.

2021 жылдың IІ тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы – жеке тұлғаларға-1935 және заңды тұлғаларға-14 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:

- жергілікті атқарушы органдармен тікелей қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – жеке тұлғаларға- 19 және заңды тұлғаларға-1;

- «электрондық үкімет» веб-порталы және ХҚКО арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – жеке тұлғаларға-137 және заңды тұлғаларға-13;

- қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтерің саны – жеке тұлғаларға-1779 және заңды тұлғаларға-2.

 

- мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 0.

 

2021 жылдың IІ тоқсаны бойынша Бөрлі ауданы бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бойынша барлығы 1187  қызмет көрсетілді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі бойынша 7 өтініш және «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметтің 28 өтініш, «Елді мекендер шегінде объекті салу үшін жер учаскелерін беру» 22 өтініші https://elicense.kz/ ақпараттық жүйесінде орын алған техникалық ақаулар салдарынан қағаз түрінде көрсетілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша, қызмет алушыларды, мүдделі мемлекеттік органдарының, азаматтық қоғам ұйымдарының және БАҚ-ның өкілдерін қатыстыра отырып, дөңгелек үстелдер түрінде жиындар қажеттілігіне қарай өткізілуде.

Дата публикации
08 июля 2021
Дата обновления
08 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
13 октября 2026
Ақпарат
09 октября 2026
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Социальные медиа

Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы
Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы