|
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
БӨРЛІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ
|
|
ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ
БУРЛИНСКАЯ РАЙОННАЯ ТЕРРИТОРИАЛЬНАЯ ИЗБИРАТЕЛЬНАЯ КОМИССИЯ
|
ШЕШІМ РЕШЕНИЕ
Ақсай қаласы город Аксай
‘‘25’’_маусым_ 2021 жыл № 4
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Бөрлі ауданының Ақсу, Бөрлі, Қанай, Қарағанды
және Қарақұдық ауылдық округтер әкімдерінің
сайлауын 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындау
туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 2-, 3- тармақтарына сәйкес Бөрлі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Ақсу, Бөрлі, Қанай, Қарағанды және Қарақұдық ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалсын.
- 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Ақсу, Бөрлі, Қанай, Қарағанды және Қарақұдық ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Аталған ауылдық округтердің әкімдері Бөрлі ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен бірге сайлау өткізу кезеңінде өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын көздесін.
- Осы шешімнің көшірмесі Бөрлі ауданының әкіміне және Бөрлі аудандық мәслихат хатшысына жолдансын.
- Осы шешім аудандық «Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести», «Будни Аксая» газеттерінде және сайтта жариялансын.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Ж.Каналин