Меню

Страницы

Статья

2020 ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОНИТОРИНГІ (СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА НЕҒҰРЛЫМ БЕЙІМ САЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ)

МАЗМҰНЫ

 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР...………… ….....……...………….....….……....…...…3

 

  1. СЫБАЙЛАС ЖЕҚМОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІҢ МОНИТОРИНГІ ........…..…………….............................3
    • Сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызмет салаларын анықтау............4
    • Ішкі істер органдары...........................................................................................4
    • Қорғаныс саласы..................................................................................................5
    • Сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім жергілікті атқарушы органдардың қызмет салаларын анықтау ..............…...................................…..…..…......….5
      • Құрылыс және автомобиль жолдары саласы...................................................6
      • Ветеринария саласы............................................................................................6
      • Білім беру саласы................................................................................................6
      • Жеке сала..............................................................................................................6
  1. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРІДҢ МОНИТОРИНГІ ...............…………………...…..….…..7
  2. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ АТЫНА КІР КЕЛТІРЕТІН ТӘРТІПТІК ТЕРІС ҚЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІҢ МОНИТОРИНГІ......…..….…..7
  3. БАҚ ПЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ БАСЫЛЫМДАР МОНИТОРИНГІ..................................................................................................9
  4. ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР.................……….…....……….....10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 22 бұйрығы негізінде құқықтық статистика деректерін, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жемқорлық көріністері туралы басылымдар мен өзге де дереккөздерден алынған мәліметтерді жинақтау, өңдеу, жалпылау, талдау және бағалау арқылы жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг барысында қолданылған мәліметтер ҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінен алынды.

Сонымен қатар, ҚР Жоғарғы Сотының электрондық ақпараттық дерекқоры пайдаланылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні дербес екі бөліктен тұрады: қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары; әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг келесілерді жүйелі және сатылай жүргізуге негізделеді:

1) сыбайлас жемқорлықа неғұрлым бейім орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызмет саласын анықтау;

2) аталған органдар ішінен қызметкерлері неғұрлым сыбайлас жемқорлыққа бейім бөлімшелерін анықтау;

3) сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салалардан қызметкерлердің қылмыстық, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілікке тартылуы бойынша бұзушылықтарының түрін анықтау.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингінің практикалық маңызы – оның қорытындыларының мемлекеттік органдарға тиісті ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар қабылдау арқылы анықталған кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІҢ МОНИТОРИНГІ

 

Құқықтық статистика дерегіне сәйкес, 2020 жылы Батыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін 63 адам сотталды, оның ішінде ауыр қылмыс жасағаны үшін –  18, ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін – 45.

Сотталған 63 адамның ішінде орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері – 14, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері – 4, жеке  тұлғалар – 45 (№1 диаграмма).

№1 диаграмма

1.1 Орталық мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім аумақтық бөлімшелері қызметінің салаларын анықтау

 

Есепті кезеңде орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің 14 лауазымды тұлғасы сотталды, оның ішінде:

  • Қорғаныс министрлігінен – 1 тұлға;
  • Прокуратурадан – 1 тұлға;
  • Ішкі істер министрлігінен - 12 тұлға.

      №2 Диаграмма

1.1.1. Ішкі істер министрлігі

2020 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған лауазымды адамдардың ең көп саны ішкі істер органдарының қызметкерлеріне тиесілі.

Барлық сотталғандар БҚО полиция департаментіне бағынысты, оның ішінде 11 инспекторлық құрам және 1 патрульдік полиция батальоны взводының командирі.

Барлық полицейлер пара алғаны үшін сотталған (ҚР ҚК 366-бабы).

Мәселен, БҚО ПД патрулдік полиция батальонының взвод командирі мен 10 инспекторы сотталды, олар топтасқан  түрде республикалық және облыстық маңызы бар «Орал-Атырау» және «Орал–Ақсай» трассаларында жол жүру ережелерін бұзғаны үшін жүргізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 1 000 теңгеден 20 000 теңгеге дейін пара алған.

Олардың барлығына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, түрлі көлемде айыппұл (420 мыңнан 3,5 млн.теңгеге дейін) төлеу туралы үкім шығарылды, сондай-ақ полицияның арнайы атақтарынан айырылды.                      

Сондай-ақ, БҚО ПД Орал қ.ПБ азаматтық және қызметтік қаруды бақылау тобының инспекторы 1,75 млн. теңге айыппұл тағылып, сотталды, ол аңшылық мылтықты алып жүруге және сақтауға рұқсатты тез арада бергені үшін 70 000 теңге сомасында пара алған.

 

1.1.2. Қорғаныс министрлігі

2020 жылы ҚР Қорғаныс министрлігіне бағынысты 1 қыметкер сотталды.

19.05.2020 жылы Ақтөбе гарнизоны әскери сотының үкімімен «ҚР ҚМ БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті» РММ бастығы полковник Есенов кінәлі деп танылып, 6 млн.теңге көлемінде айыппұл салынды, ол 04.02.2020 жылы өзінің қарамағындағы қызметкерінен қызметін жоғарылатқаны және одан әрі қамқорлығы үшін 200 мың теңге сомасында пара алған.

 

1.2 Сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім жергілікті атқарушы органдар қызметінің салаларын айқындау

Есептік кезеңде сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін жергілікті атқарушы органдардың 4 лауазымды тұлғасы сотталды, оның ішінде:

  • Құрылыс және автомобиль жолдары саласы – 2 тұлға;
  • ветеринария – 1 тұлға;
  • білім саласы – 1 тұлға.

    №3 диаграмма

 

Осылайша, 2020 жылы жоғарыда көрсетілген салалар жергілікті атқарушы органдар арасында неғұрлым сыбайлас жемқорлық жағдайлары таралған болып табылады.

Қылмыс субъектілері бойынша 4 сотталғанның 2-уі аудандық деңгейдегі басшылар (аудандық білім бөлімінің және құрылыс бөлімінің басшылары) және 2-уі аудандық және облыстық басқармалардың мамандары.

Аумақтылығы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталғандар – Теректі, Шыңғырлау және Жәнібек аудандары, сондай-ақ Орал қаласы (облыстық деңгей).

ЖАО қызметкерлері жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстардың негізгі түрлері: пара алу (ҚР ҚК 366-бабы, 2 б.) – 2, пара мөлшері 220 мыңнан 2 млн. теңгеге дейін, жымқыру (ҚР ҚК 189-бабы, 3-б, 2-т.) –  1 және лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану (ҚР ҚК 361-бабы. 4-б.) –  1, анықталған залал сомасы 43,9 млн. теңгені құрады.

 

1.2.1. Құрылыс және автомобиль жолдары саласы

 

БҚО автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының бас маманы 8,8 млн. теңге айыппұл төлеуге сотталды, ол 2019 жылдың қазан айында облыстық маңызы бар жолдарды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін ЖШС директорының орынбасарынан 220 000 теңге сомасында пара алды.

4,6 жылға бас бостандығын шектеуге Теректі ауданының құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы сотталды, ол өкілеттіктерін асыра пайдаланып, Жаңа өмір және Тоқпай ауылдарындағы электрмен жабдықтау құрылыс объектілеріндегі орындалмаған жұмыстарды қабылдап, содан кейін төлем жасады. Осылайша, мемлекетке 43,4 млн. теңге сомасында залал келтірілді.

 

1.2.2. Ветеринария саласы

3,6 жылға бас бостандығын шектеуге Жәнібек ауданының ветеринария бөлімінің бас маманы сотталды, ол 2018 жылғы желтоқсан мен 2019 жылғы қыркүйек аралығында жалпы сомасы 468 151 теңге бюджет қаражатын жымқырған. Яғни, ол өзінің карт-шотына жалақы, сыйлықақы төлемдерін және іссапар шығыстарын негізсіз аударған.

 

1.2.3. Білім саласы

3,6 жылға бас бостандығынан айыруға Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімінің басшысы сотталды, ол 2019 жылдың маусым-қазан айлары аралығында алаяқтық және пара беруге итермелеу арқылы ЖК өкілін 1 960 000 теңге сомасында пара беруге көндірді, бұл Шыңғырлау ауданының білім беру объектілерін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға жәрдемдескені үшін және кейіннен мемлекеттік сатып алу шарттарын жасау үшін алынған.

 

1.3. Жеке тұлғалардан,  пара бергені үшін 42 тұлға және пара беруге айдап салғаны үшін 3 тұлға сотталды.

2020 жылдың қаңтар айында Орал қаласының тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айыру үкімімен сотталды, ол алдау және сенімге қиянат жасау жолымен Орал қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына Орал қаласында пәтерлерді жедел алуға жәрдем көрсеткені үшін жалпы сомасы 2,2 млн.теңге болатын 3 азаматтың ақшалай қаражатын иемденген.

42 жүргізушіге айыппұл салу (7,5-тен 200 мың теңгеге дейін) түріндегі жаза қолданылды, олар жол қозғалысы ережелерін бұзып, әкімшілік жауапкершілікке тартпау  үшін БҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне пара берген.

 

  1. СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІҢ МОНИТОРИНГІ

 

2.1. Сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салаларды анықтау

2020 жыл ішінде ҚР ӘҚБтК 681-бабымен (бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған тұлғаны жұмысқа алу) көзделген сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 1 тұлға – Бөкей ордасы ауданы білім беру бөлімінің басшысы тартылды.

2019 жылы ҚР ӘҚБтК 681-бабымен (бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған тұлғаны жұмысқа алу) көзделген сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 1 тұлға жауапкершілікке тартылды.

2018 жылы әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін 5 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 681-бабы бойынша 4 тұлға (бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған тұлғаны жұмысқа алу) және ҚР ӘҚБтК 677-бабы (заңсыз материалдық сыйақы алу) 1 тұлға.

 

 

  1. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ АТЫНА КІР КЕЛТІРЕТІН ТӘРТІПТІК ТЕРІС ҚЫЛЫҚТАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІҢ МОНИТОРИНГІ

 

3.1. Мемлекеттік қызмет атына кір келтіретін тәртіптік теріс қылық неғұрлым көп жасалған орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері бойынша қызмет саласын анықтау

 

Мемлекеттік қызмет атына кір келтіретін тәртіптік теріс қылық 2019 жылы 33 тұлғамен жасалған болса (ОМО – 28, ЖАО – 5), 2021 жылы 80 тұлғамен (ОМО – 75, ЖАО – 5) жасалған. 

Орталық мемлекеттік органдар бойынша 75 теріс қылықтың ішінен ішкі істер органдары бойынша – 64, қылмыстық-атқару жүйесі – 4, Статистика департаменті – 3, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті – 3, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Орал қалалық аумақтық инспекциясы – 1.

Әкімдіктер мен оның құрылымдық бөлімшелері бойынша – 5.

Осылайша, 2019 жыл қорытындысымен салыстырғанда, 2020 жылы мемлекеттік қызмет атына кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағандар саны күрт өскендігі байқалады.

 

            Тәртіптік теріс қылық санатына қарай:

  • өзінің лауазымдық өкілеттіліктерін жеке өзiнің не жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты мәселелерді шешу кезінде пайдалануы - 77;
  • шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетуі -2;
  • шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетуі; кәсіпкерлік және кіріс алумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруда кімге болмасын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген кез келген жәрдем көрсетуі; шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетуі - 1.

 

Мемлекеттік қызмет атына кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін лауазымын төмендету – 1 (ҚАЖ – 1), «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде – 51 (полиция органдары – 39, Статистика департаменті – 3, ҚАЖ – 3, СЭҚБ – 1, ЖАО – 5), қызметінен босату туралы – 28 (полиция органдары – 25, СЭҚБ – 2, Ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясы – 1) жаза түрі қолданылған.

 

 

Полиция департаментінің бөлімшелері бойынша теріс қылықтар жасалған:

ППБ қызметінің 29 инспекторы, 1 полицейі, 1 взвод командирі, 1 арнайы техникалар және байланыс тобының аға инженері, 1 кадр қызметтік және дене дайындығы тобының инспекторымен;

ЖП қызметінің 7 учаскелік полиция инспекторы, 1 іздеу тобының инспекторы, 1 учаскелік полиция инспекторының көмекшісімен,

Заңсыз көші-қонға қарсы күрес қызметінің 1 бөлім бастығы, 1 взвод командирі, 1 инспекторымен;

6 полиция департаменті қарамағындағы қызметкер, 4 тергеуші, 2 аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, 2 мемлекеттік автоинспектор, 1 анықтаушы, 1 әкімшілік полиция бөлімінің инспекторы, 2 әкімшілік практика тобының инспекторы, 1 кезекші бөлімінің инспектор-кезекшісімен.

 

 

 

 

2019 жылмен салыстырғанда, қызметкерлерімен жасалған теріс қылықтар саны патрульдік полиция батальондарында 7 есеге, учаскелік полиция инспекторлары бойынша  екі есеге артқан.

 

Жергілікті атқарушы органдарда  мемлекеттік қызмет атына кір келтіретін 5 теріс қылық жасалған, оның ішінде:

  • 2-еуі Теректі әкімдігінде – аудан әкімі орынбасарымен және жер қатынастары бөлімі басшысымен,
  • 1-еуі Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бөлім басшысымен;
  • 1-еуі Қаратөбе ауданы білім беру бөлімінің бас маманымен.

 

  1. БАҚ ПЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ БАСЫЛЫМДАР МОНИТОРИНГІ

 

2020 жылы мемлекеттік қызметшілерге қатысты БАҚ пен әлеуметтік желілерде 95 негативті материал жарияланып, оның ішінде 22 факт расталды.

Жарияланымдарда айтылған фактілер бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер немесе құқық қорғау органдары қызметкерлері жоқ, әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны -1, тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны – 19.

Оның ішінде «ескерту» түрінде тәртіптік жаза қолданылғаны – 2, «қатаң сөгіс» – 11, «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» – 3, атқаратын лауазымынан босатылғаны – 3 (ҚР АШМ ВБжҚК аумақтық инспекциясы – 2, ҚР ДСМ СЭБҚК аумақтық департаменті – 2, ҚР БҒМ БСБК аумақтық департаменті – 1, ҚР ІІМ Полиция департаменті – 4, ҚР ӘМ БҚО әділет департаменті – 1).

 

Салыстырмалы түрде 2019 жылы мемлекеттік қызметшілерге қатысты БАҚ пен әлеуметтік желілерде 52 негативті материал жарияланып, оның ішінде 13 факт расталған.

Жарияланымдарда айтылған фактілер бойынша қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер немесе құқық қорғау органдары қызметкерлері жоқ, тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны – 12, оның ішінде 7-еуі атқаратын лауазымынан босатылған. 

Осылайша, 2020 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда, БАҚ пен әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшілерге қатысты жарияланған негативті материалдар саны 45%-ға артып отыр. Жарияланымдар бойынша расталған фактілер үлесі 22-23% арасында қалып отыр.

 

ҚОРЫТЫНДЫЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР

 

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингінің нәтижелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерімен қабылданып жатырған іс-шараларды жақсартуға бағытталған бірқатар қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-бабы 4-тармағына сәйкес мемлекеттік органдарға келесі бағыттар бойынша:

  • Полиция, қорғаныс, қылмыстық-атқаружүйесі, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау, статистика, департаменттері, ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, ветеринария және білім басқармаларына – мекеме қызметін реттеуші нормативтік құқықтық ктілер мен ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде (мүдделер қақтығысы, мемлекеттік сатып алу, кадр іріктеу, аттестациялау, қызметте көтермелеу, т.б);
  • Аудандар және қала әкімдіктеріне – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерін ескере отырып, жемқорлыққа неғұрлым бейім ЖАО қызметтерінде (ветеринария, білім беру, жер қатынастары және әкім аппараттары) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ұсынылады

 

 

БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

 

Дата публикации
03 мая 2021
Дата обновления
03 мая 2021
Тип
Информация

Сейчас читают

Информация
19 октября 2026
13 октября 2026
Информация
09 октября 2026
УКАЗ ПРЕЗИДЕНТА РК

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы