Шағын және орта бизнесті дамыту, инвестициялық ахуалды жақсарту және аудан экономикасына жеке инвестицияларды тарту - бұл жергілікті атқарушы билік органдары жұмысының басым бағытының бірі. Жаңа жұмыс орындарының құрылуы, аудан бюджетіне қосымша салық түсімдерінің артуы, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының жақсаруы оның сәтті орындалғанын көрсетеді.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдау үшін қабылданған және іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар шағын және орта бизнесті дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Ауданымыздың кәсіпкерлері "Бизнестің жол картасы - 2025", "Қарапайым заттар экономикасы", «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламаларында көзделген бизнесті мемлекеттік қолдау шараларының мүмкіндіктерін белсенді пайдалануда. Олар жаңа өндіріс орындарын ашып, коммерциялық нысандар салып, қызметтер көрсетеді, жұмыстарды орындайды, осылайша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосып келеді.
2021 жылдың 1 қаңтарына шағын және орта бизнес саласында Бөрлі ауданының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізілді. Жоспар бойынша тіркелгендердің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің үлесі 80% болса, іс жүзінде 85,3% орындалды, ал бөлшек сауданың нақты көлем индексі 100% - болса, іс жүзінде 105,7% - ға орындалды.
4767 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген (01.01.2021ж.), 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,8 % кеміді. Оның ішінде 4068 іс жүзіндегі ШОБ субьектілері немесе (85,3%). Ауданымыздың экономика құрылымының 88,8 пайызы шағын және орта бизнестің үлесінде. Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс жасайтын адамдар саны 12096, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25,4 % кеміді (1.10.20ж).
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнімі, орындалған жұмысы және көрсетілген қызметінің көлемі 517 396 млн. теңгені құрады, 2019 жылғы мәліметпен салыстырғанда 32,7 пайызға кеміді (1.10.2020ж).
Аудан бюджетіне шағын және орта бизнестен 6324,3 млн. теңге сомасында салық түсті, бұл жалпы салық түсімінің 48% (13 156,2 млн.теңге) құрайды.
Қазіргі уақытта аудан аймағында 649 сауда нысандары жұмыс жасайды (дүкендер, дәріхана, кафе, АЗС-тер және т.б.).
Шағын және орта бизнес субъектілері қызметінің негізгі түрлері мынадай: - сауда саласымен кәсіпкерлердің шамамен 36% айналысады; - көлік және байланыста - 16% ; ауыл шаруашылығында - 5% ; - құрылыста-3%; - өзге салаларда - 40% (тауарлар өндіру, сұлулық салондары, шаштараздар, дәмханалар, мейрамханалар, қонақ үйлер, медицина, білім беру).
«Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасының банк несиелерінің пайыздық үстемелерін субсидиялау бағыты бойынша 14 жоба 1,3 млрд. теңгеге мақұлданды (2019 ж.-23 жоба, 2,1 млрд.теңге). Жобалардың басым көпшілігі автокөліктер, жабдықтар сатып алуға, негізгі қаражат айналымдарын толықтыруға, коммерциялық жылжымайтын мүліктердің құрылысына және несиелік берешектерді қайта қаржыландыруға бағытталған.
Облыстық аймақтық координациялық кеңесі жаңадан бастаған бизнес бастамаларға қайтарымсыз грант беру бағыты бойынша 2020 жылы 2 жобаны мақұлдады, жалпы сомасы 6,98 млн.тенге (2019 жылы 3 жоба, 7,0 млн теңге).
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 8 жоба 314,8 млн теңгеге мақұлданған. (2019 ж.- 6 жоба-185,0 млн..теңге) Жобалардың негізгі бағыты агроөнеркәсіпкешенін дамытуға, ауыл шаруашылығы техникасы мен малдарын сатып алуға, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу цехын жаңғыртуға бағытталған.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша 2020 жылы 48 жоба – 293,1 млн.теңгеге мақұлданды. (2019 жылы 55 жоба - 287,2 млн. теңге). Несиелер мал шаруашылығын дамыту, ауылшаруашылығы техникаларын, автокөліктер және жабдықтар сатып алу үшін берілді. Сондай-ақ, осы бағдарлама бойынша 142 азаматқа жаңа бизнес-идеяларды дамыту үшін жалпы сомасы 76,5 млн.теңгеге өтеусіз гранттар берілді.
2020 жылы "Бизнес Бастау" бағдарламасы бойынша 61 адамды оқыту жоспарланған болатын, нақты 96 адам оқудан өтті, 3 адамға 1,7 млн. теңгеге грант берілді (2019 жылы 265 адам оқудан өтті, сертификаттар алды, олардың 37 – і өз ісін ашу үшін 173,4 млн. теңге көлемінде несие алды, 91 адам 42,67 млн. теңге қайтарымсыз грант иеленді.
«Несие серіктестігі «Қарашығанақ» ЖШС-і микрокредиттік ұйымы арқылы 36 шаруашылыққа 238,35 млн.теңге сомасында несие берілді. (2019 жылы - 33 жоба-224,96 млн.теңге).
"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ –ы арқылы 28 қарыз алушыға 115.8 млн.теңге сомасында несие берілді (2019 жылы 33 жоба 147,4 млн.теңге) несиелендірілді. Несиелер мал шаруашылығын дамытуға, көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге, ауыл шаруашылығы техникаларын, автокөліктер мен жабдықтарды сатып алу үшін жұмсалды.
Кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік картасына "Global Trade and Services" ЖШС-нің жарық диодты прожекторларды шығару жобасы, құны -300,0 млн.теңге және "Green Spark Limited" ЖШС-нің күн панельдерін шығару жобасы, құны- 840,0 млн.теңге жалпы 2 жоба енгізілді.(2019 жылы 1 жоба- 2500,0 млн.теңге).
Ақсай қаласында 2020 жылы жеке инвесторлардың қаражаты есебінен салынған және іске қосылған жобалар:1) "BS CAPITAL Group" ЖШС - 4 корпустан тұратын тұрғын қалашық құрылысы, инвестиция көлемі - 800 млн. теңге; 2) «Астана Кум-2005»ЖШС- вахталық қалашықта тамақтандыру және орналастыру қызметтерін көрсету, инвестиция көлемі-200 млн.теңге; 3) "Елеусинова А.Б." ЖК - заманауи стоматологиялық клиника құрылысы, инвестиция көлемі-80,5 млн. теңге; 4) "Жексен" ЖК-жиһаз цехының құрылысы, инвестиция көлемі - 20 млн. теңге; 5) Өрнек-Ақсай "ЖШС - полиграфиялық өнім шығару цехының құрылысы, инвестиция көлемі-9,5 млн. теңге; 6) "Жумалиева А.А." ЖК – сауда кешенінің құрылысы – 10 млн. теңге.
2021 жылы жеке инвесторлардың қаражаты есебінен жалпы сомасы 16,1 млрд. теңгеге болатын аудан аумағында өткен жылдары басталған 23 ірі жобаны іске асыру жалғасуда: 1) "ПСП "Серік" ЖШС-і 4 жұлдызды қонақ үй кешенінің құрылысы (3,5 млрд.теңге); 2) "Аманат" ш/қ 600 бас ІҚМ арналған сүт-тауар фермасының құрылысы (2,5 млрд. теңге); 3) "Достық-қоныс" ЖШС-і а/ш малдарын өсіру кешенінің құрылысы (2,5 млрд. теңге); 4) «Адал арна Алматы "ЖШС-і "Пепел" разъезінде асфальт-бетон зауытының құрылысы (1,4 млрд. теңге); 5) "БӨКС" ЖШС-і мектепке дейінгі және қосымша білім беру орталығының құрылысы (1,2 млрд. теңге); 6) "Green spark Limited " ЖШС-і күн панельдерін құрастыру кешенінің құрылысы (840 млн. теңге); 7) "Global Trade and Services" ЖШС-і көшеде орнатылатын жарықдиодты прожекторлар өндірісі (300 млн. теңге); 8) "НазТур" ЖШС-і ірі құрылыс дүкенін салу ( 500 млн. теңге); 9) "Нұр" ш/қ мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу цехын жаңғырту (150 млн. теңге); 10) "НазТур" ЖШС-і мейрамхана кешенінің құрылысы (500 млн. теңге); 11) "АИР Групп" ЖШС-і әкімшілік ғимараты бар техникалық қызмет көрсету станциясының құрылысы (100 млн. теңге); 12) "Ақсайгазпроект" ЖШС-і көп пәтерлі 2 қабатты тұрғын үй құрылысы (70 млн. теңге); 13) "Еңбек" ш/қ ет өнімдерін қайта өңдеу цехы мен мал сою пунктінің құрылысы (30 млн. теңге); 14) "Sm5 GLOBAL" ЖШС-і АКВULАК 5 қабатты тұрғын үй кешенінің құрылысы (1,2 млрд. теңге); 15) "Дикон" ЖК-і көп пәтерлі 3 қабатты тұрғын үй құрылысы (130 млн. теңге); 16) "Мурзабеков Н.С." ЖК-і сауда үйінің құрылысы (80 млн. теңге); 17) "Еstra" ЖШС-і заманауи автокөлік жуу орнының құрылысы (85 млн. теңге); 18) "GAFS" ЖШС-і кеңсе және қойма салу (150 млн. теңге); 19) "Еstra" ЖШС-і ірі сауда кешенін салу (400 млн. теңге); 20) "Қожантаев Д.С." ЖК-і заманауи мейрамханасын салу (140 млн. теңге); 21) "Қожантаев Д.С." ЖК-і заманауи дүкенінің құрылысы (45 млн. теңге); 22) "Қанафеев Э.А." ЖК-і супермаркетінің құрылысы (40 млн. теңге); 23) "Давлетов Ж.М." ЖК-і амбулаториялық хирургия кешенінің құрылысы (20 млн. теңге); 24) «Буланаев Н.У.» ЖК-і заманауи аспаздық және мейрамхана құрылысы, (220,0 млн.тенге). Осы жобалар іске қосылып пайдалануға берілгеннен кейін қосымша 457-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады, қазіргі уақытта құрылыс кезеңінде осы жобаларда 247 жұмыс орны құрылды.
Сонымен қатар 2021 жылы мына жобаларды іске асыру жсопарлануда:
1) "Дикон" ЖК-і аз қабатты тұрғын үй құрылысы, инвестиция көлемі - 660 млн. теңге; 2) "S. ALEM construction" ЖШС-і индустриялық-технологиялық базасын салу, инвестиция көлемі – 500 млн. теңгеге жуық; 3) "Ақсайавтотранс" АҚ-ы көлік құралдарының тұрағы үшін жылытылатын гараж құрылысы, инвестициялар көлемі – 640 млн. теңге; 4) "Жарылғасова К. С." ЖК-і коммерциялық үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй салу, инвестициялар көлемі - 320 млн. теңге; 5) "Елжас" ЖШС-і тұрғын үй-жайлары бар әкімшілік – тұрмыстық ғимарат құрылысы, инвестиция көлемі-47,7 млн. теңге; 6) "Ақсай Маркет" ЖШС-і Бөрлі ауылында супермаркет салу, инвестиция көлемі-45 млн. теңге; 7) "IGUANA AKSAI" ЖШС-і блоктық орындаудағы мобильді кеңсесінің құрылысы, инвестиция көлемі – 20 млн.теңге. Аталған жобаларды іске асыру үшін инвесторлардың жер учаскелері бар, олар қаржы мәселелерін пысықтап және ЖСҚ-ы әзірленуде.
Экономикалық жағдайды тұрақтандыру және бизнесті қолдау үшін төтенше жағдай және карантин режимі басталған сәттен 2261 кәсіпкерлік субъектілері салық төлеуден босатылды. Төтенше жағдай режимі кезінде ірі сауда объектілерінің меншік иелерімен өз қызметін тоқтатқан кәсіпкерлерден жалдау ақысын алуды тоқтата тұру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жалға берушілердің көпшілігі кәсіпкерлерге қол ұшын беріп, мүліктердің жалға беру ақысын есептеуді тоқтатты. Сонымен төтенше жағдай режимі мен карантин кезінде ірі сауда объектілерінің меншік иелері 741-ден астам жалға алушыны жалдау ақысын төлеуден босатты.