Меню

Страницы

Статья

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қарау туралы

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңдары өз күшін жояды.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейді. Мемлекеттік органдар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар осы Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушылары болып табылады.

Әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданымды (өтінішті) бір немесе бірнеше адам (ұжымдық жолданым) бере алады. /Әкімшілік орган – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйым (4 бап, 1 т, 7 тт)/.

Арыз иесінің:

1) әкімшілік органнан, лауазымды адамнан өзінің өтінішіне байланысты мәселелер бойынша құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірме алуға;

2) әкімшілік шешім қабылдау алдында тыңдалуға;

3) әкімшілік істі қарау барысында да, қарағаннан кейін де әкімшілік іспен танысуға, үзінді-көшірмелер жасауға және көшірмелерін алуға;

4) өтінішхат мәлімдеуге;

5) әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) шағым беруге;

6) әкімшілік орган, лауазымды адам қарап қойған мәселе бойынша Кодексте белгіленген тәртіппен қайта жолданым беруге;

7) шағым жасау барысында дәлелдемелер ұсынуға және оларды зерттеуге қатысуға, оның ішіндер түсініктер беруге, заттай дәлелдемелер мен өзге де құжаттарды ұсынуға;

8) егер рәсім оның жолданымы бойынша қозғалған болса, әкімшілік рәсімді тоқтатуға;

9) әкімшілік рәсімде ана тілінде немесе өзі білетін тілде сөйлеуге, аудармашының көрсетілетін қызметтерін пайдалануға;

10) Кодексте көзделген жағдайларда қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;

11) өкілінің болуына;

12) Кодексте көзделген жағдайларда өтемақы төлеуді талап етуге;

13) Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген басқа да құқықтарды пайдалануға құқығы бар.

Егер Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бірдей құқықтарға ие болады және міндеттерді атқарады.

Мыналар әкімшілік рәсімді қозғау үшін негіздер болып табылады:

1) Жолданым (өтініш);

2) әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы.

Ауызша нысанда берілген жолданымды/өтінішті/ әкімшілік органның жолданымды қабылдаған лауазымды адамы немесе жұмыскері жекелеген хаттамаға енгізеді.

Жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында берілген жолданымда, хаттамада:

1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы не заңды тұлғаның атауы, пошталық мекен-жайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде);

2) жолданым берілетін әкімшілік органның, лауазымды адамның атауы;

3) жолданымның мәні;

4) жолданымның берілген күні;

5) арыз иесінің немесе оның өкілінің қолы;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген өзге де мәліметтер көрсетіледі.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік рәсім ақылы негізде жүзеге асырылса, арыз иесі төлемді растайтын құжатты ұсынуға тиіс (63-бап).

Кодексте белгіленген тәртіппен берілген жолданым міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға жатады.

Жолданымды қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.

Жолданым мемлекеттік органға, жергілікті өзін-өзі басқару органына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаға берілген жағдайда арыз иесіне күні мен уақыты, жолданымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, лауазымы көрсетілген бірегей нөмірі бар талон беріледі.

Жолданым келіп түскен күні тіркеледі.

Егер жолданым жұмыс істемейтін күні келіп түскен болса, онда ол жақын уақыттағы кейінгі жұмыс күнімен тіркеледі.

Жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жолданымдар Кодексте белгіленген тәртіппен қаралуға жатады.

Жолданым Кодекс белгілеген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, әкімшілік орган, лауазымды адам арыз иесіне қандай талаптарға сай келмейтінін көрсетеді және оны талаптарға сәйкес келтіру үшін ақылға қонымды мерзімді белгілейді.

Егер арыз иесі жолданымды әкімшілік орган, лауазымды адам белгілеген мерзімде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтірмесе, әкімшілік орган, лауазымды адам оны қайтарады.

Жолданымды қайтару қайта жүгінуге кедергі келтірмейді.

Арыз иесі әкімшілік іс бойынша шешім қабылданғанға дейін жолданымды өзінің жазбаша арызының негізінде кері қайтарып ала алады.

Арыз иесінің жолданымды кері қайтарып алуы мерзімдер сақталған кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, оны қайта жолданым беру құқығынан айырмайды.

Хабарламаларды, ұсыныстарды, үн қосуларды және сұрау салуларды қарау оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес айына кеміне бір рет азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізеді.

Қабылдау белгіленген және жеке заңды тұлғалардың назарына жеткізілген күндер мен сағаттарда жұмыс орны бойынша өткізіледі.

 

 

Бөрлі ауданы әкімі аппаратының

құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі

Дата публикации
25 января 2021
Дата обновления
25 января 2021
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
13 октября 2026
Ақпарат
09 октября 2026
ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Социальные медиа

Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы
Бөрлі ауданы әкімдігінің ресми парақшасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы