Бөрлі ауданы әкімінің аппаратында, дербес бөлімдерде, Ақсай қаласы және ауылдық округ әкімінің аппараттарында құжаттама жасау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі «Электрондық құжатайналымы ережесін бекіту туралы» №430 қаулысына және 2018 жылғы 31 қазандағы №703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжатайналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес жүргізіледі. Қазіргі таңда аудан әкімінің аппараты, дербес бөлімдер, Ақсай қаласы және ауылдық округ әкімінің аппараттары (2020 жылдың ақпан айынан) толықтай бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесіне қосылған. Электрондық құжатайналымының бірыңғай жүйесі (ЭҚАБЖ) жеделдікті жоғарлатумен басқару шешімдерінің сапасын арттыру және мемлекеттік органдарды іс қағазсыз технология мен электрондық құжатайналымын қолдануға ауыстыру мақсатында енгізілді.
Аудан бойынша 2020 жылы жалпы құжатайналымындағы құжаттар саны 95 491, оның электрондық түрдегі құжаттар саны 82 623, яғни 86,5% құрайды (2019 жылы 68 175 құжат, оның электрондық түрде түскен құжаттар саны 55 086 - 80% ), оның ішінде:
кіріс құжаттардың саны:
2020 жылы 76 835, оның тек электрондық түрдегі құжаттары 70 074, яғни 91.2% (2019 жылы 44 729, оның тек электрондық түрдегі құжаттары 38 468 - 86%). Былтырғы жылмен салыстырғанда электрондық құжаттар саны 5.2 % өсті.
шығыс құжаттар саны:
2020 жылы 18 545, оның тек электрондық түрде түскені 12 438 құжат немесе 67% (2019 жылы 23 343, оның электрондық түрде түскені 16 313 немесе 77 %).
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 8 – бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжатайналымы жүйелерін пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкес жоғарыда аталған мемлекеттік органдарда іс қағаздары мемлекеттік тілде жүргізіледі және ресми түрде қазақ тілімен бірдей қолданылады. Аудан әкімінің, Ақсай қаласы және ауылдық округ әкімінің аппараттарында, дербес бөлімдерде шығыс құжаттары (жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге жауаптар, түскен тілде жауап беріледі) 100% мемлекеттік тілде ресімделеді. Кіріс құжаттарының мемлекеттік тілде түскені жалпы құжатайналымының 2020 жылы 89,5% құрады (2019 жылы 87.5%).
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыстану жүзеге асырылады.
2020 жылдың қорытындысы бойынша Бөрлі ауданында 4153 өтініш тіркелген, оның 2865 - жеке тұлғалардан (2019 жылы – 2551), 1285 заңды тұлғалардан (2019 жылы - 741) түскен болса, соның Бөрлі ауданы әкімінің аппаратына – 1920 (2019 жылы - 897), дербес бөлімдерге –1511 (2019 жылы -1400), ал Ақсай қаласы және ауылдық округтеріне 722 (2019 жылы -995) өтініш түскен. 2019 жылы 3292 өтініш түскен, яғни, 2020 жылы өтініштер саны 20,7%-ға көбейді. Бұл көрсеткіштің өсуіне Республикамызда 2020 жылдың 15 наурызы мен 15 мамыры аралығында орын алған төтенше жағдай өз ықпалын тигізді.
2020 жылы аудан бойынша тіркелген 4153 өтініштің 3954 - арыз, 29 - шағым, 167 - сауал мен ұсыныс, оның 3893 қаралып, 2394 қанағаттандырылды, 886 өтініш бойынша түсініктеме берілді, 564 өтінішті қанағаттандырудан бас тартылды, 46 өтінішті қарау тоқтатылды, 5 өтініш қараусыз қалдырылды, 226 өтініш қарау үшін басқа мекемелерге жолданып, 29 өтініш қарау барысында.
Жазбаша түрде түсетін жеке және заңды тұлғалар үшін ең өзекті мәселелер:
Төтенше жағдайлар мәселесі (2020 жылдың 15 наурызы мен 15 мамыры аралығында орын алған төтенше жағдай мәселелері бойынша өтініштер) – 31%, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй мәселесі – 18,4 %, жер пайдалану мәселесі - 16%, құрылыс мәселесі – 11,19%, жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету мәселесі - 10%.
Аудан бойынша 2020 жылы 246 тұлға лауазымды тұлғалардың жеке қабылдауында болды, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 68% азайды (2019 жылы 779 адам қабылданды): аудан әкімі және оның орынбасарларымен - 96 тұлға (2019 жылы - 284), дербес бөлімдердің басшыларымен - 25 (2019 жылы - 120), Ақсай қаласы және ауылдық округ әкімдерімен - 125 (2019 жылы - 375) тұлға қабылданған. Жеке қабылдауларда тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету және әлеуметтік көмек көрсету мәселелері жиі көтерілді.
2020 жылы Бөрлі ауданы бойынша 3 қайталама өтініш тіркелді, олар: Бөрлі ауданы әкімінің аппаратына 1 өтініш түсті, қарау нәтижесі бойынша қанағаттандырудан бас тартылды, және Бөрлі ауылдық округ әкімі аппаратына 2 өтініш түсті, қарау нәтижесі бойынша екеуіне де Заңнамаға сәйкес түсініктеме берілді.
Бөрлі ауданы бойынша 1 өтініш мерзімі бұзылып қаралды, өтініштің қарау мерзімі 1 күнге бұзылды. Кемшілік орын алған мемлекеттік мекеменің жауапты маманына қатысты тәртіптік шара қолданылды.