Бөрлі ауданы аумағында провизорлық және инфекциялық стационарлар ұйымдастырылып, 523 науқас жатқызылды. (инфекциялық стационарда – 244, провизорлық стационарда – 279 адам). Бүгінде барлық стационарлар жабылып, штаттық түрде жұмыс істеуде.
Ауданның шағын және орта бизнес өкілдері туындағын қиыншылықтардан сырт қалмай індетке қарсы күресіп жатқан медициналық қызметкерлерге арналған тұрғын қалашығын және карантиндік стационарға арналған қонақ үй ғимараттарын тегін түрде қолданысқа берді.
Осындай сын сағатта халқымыз ынтымағы жарасқан ел екендігін тағы да көрсетіп, аудандымыздағы ауруханалар нық толық кезінде, кәсіпкерлер мен жанашыр тұрғындарымыз жұмылып, аз уақыт ішінде аудандық ауруханаға 47 оттегі концентраторларын табыстады. Күрделі уақытта, індетке шалдыққан жерлестеріміз үшін бұл қондырғылар үлкен жәрдем берді.
КПО б.в. компаниясымен ПЦР зертхана, өкпені жасанды желдеткіш аппараттары, медицина қызметкерлеріне арналған жеке қорғаныс құралдары, жедел тесттер және жедел жәрдемнің 2 автокөлігі аудандық ауруханаға табысталған болатын.
«КазБурГаз» және «Ақсай индустриалды паркі» компаниялары тағы да аудандық ауруханаға 2 автокөліктің кілттерін табыстады.
Дәрі-дәрімек тапшылығы кезінде «Сырласу», «Аксай маркет», «АйрГрупп» және «Аксай Строй Сервис и К» компанияларының күшімен аудандық ауруханаға жалпы сомасы 12 млн. теңгеге жуық сомаға дәрі-дәрімектер мен препараттар сатып алынған болатын.
«Автодом – М» және «Вест Моторс Сервис» компаниялары дер кезінде сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында құрылған мобильдік бригадаларды қажетті автокөліктермен қамтамасыз етті.
Осыдан аз уақыт бұрын, «МонтажСпецСтрой» және «Бонатти» компаниялары аудандық ауруханаға тағы да, 2 бірлік өкпені жасанды желдеткіш аппараттарын табыс етті.
Қиын кездердегі ұйымшылдық пен байсалдылық, халқымыздың әлеуметтік жауапкершілігі үздік үлгіде танылды. ЕРІКТІЛЕР қанатының қозғалысы да белсенділігін танытты. Пандемия кезінде 20 мыңнан астам бетперде тігіліп, таратылды, 2000-нан астам мұқтаж отбасыларға материалдық және әлеуметтік көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, пандемия кезінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен аудан аумағында жылжымалы 4 мобильдік бекеттер орналастырылды, дәрігерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері 3 мезгіл тамақтандырылды, стационарлардағы қызметкерлерге арналған жеке қорғаныс құралдары сатып алынды және қала және ауылдық елді мекендердің адам көп шоғырланатын орындарын (аялдамалар, саябақтар, парктер, аллеялар, тротуарлар, көп қабатты үйлердің кіреберістері) дизинфекциялау жұмыстары жүргізілді.