1988 жылы 16 тамызда Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Константиновка ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. Ұлты қазақ. Білімі жоғары: 2010 жылы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы – география пәні мұғалімі.
Өз қызметін 2010 жылы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы білім беру бөлімінің «Жас туристер станциясы» КММ туризм бөлімінің меңгерушісі болып бастады. 2018 жылдың маусым айынан осы уақытқа дейін осы мекемеде директор қызметін атқарады. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі жоқ. Отбасы жағдайы: үйленген, 2 бала тәрбиелеп отыр.
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Бумакөл ауылдық округінің әкіміне үміткер
Каймулдинов Нарынбек Утегеновичтің сайлауалды
БАҒДАРЛАМАСЫ
Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі мақсаттары «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Республикасының Президенті – Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру бойынша нақты іс – шаралар өткізу, еліме, халқыма адал қызмет атқару, өз білімімен, іс тәжірибе, күш жігерімді ауылдың дамуына және ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсартауына ат салысамын.
Бумакөл ауылдық округінің мәселелерін максималды түрде шешу бойынша жоғары тұрған мемлекеттік құрылымдардың алдында дәлелді түрде жұмыстану.