2023 жылдың 14 маусымы "23 маусым-ҚР Мемлекеттік қызметшілері күні" мерекесіне орай ауданымыздың мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен "Білімділер додасы" зияткерлік ойыны өтті. Ойынның салтанатты ашылуына аудан әкімі Еркебулан Нуретдинович Ихсанов қатысып, командаларға сәттілік тіледі. Ойынға барлығы 5 команда қатысты. 🥇1 орынды дербес бөлім басшыларынан құрылған "Алға-Қазақстан" командасы, 🥈2 орынды дербес бөлімнің мамандарынан құрылған "Sunkar"командасы, 🥉3 орынды аудан және қала әкімі аппараттарының қызметкерлерінен құрылған "Barys" командасы иеленді. Ал "Үздік зияткер" номинациясы "Barys" командасының ойыншысы Райымбек Шалибековке табысталды.