Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

Батыс Қазақстан облысы

Бөрлі  ауданының  аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

Территориальная избирательная комиссия  Бурлинского района Западно-Казахстанской области

 

ҚАУЛЫ

 

          ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 

   ________№_______

 

Ақсай  қаласы                                                                                                             город Аксай

 

14 қаңтар 2026 жыл №1

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Бөрлі ауданы Жарсуат ауылдық округі

әкімінің сайлауын 2026 жылдың 22 ақпанына тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Жарсуат ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылдың 22 ақпанына тағайындалсын.

  1. 2026 жылдың 22 ақпанына тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Жарсуат ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.

3.Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.

4.Осы қаулының көшірмесі Бөрлі ауданының әкіміне жолдансын.

    5.Осы қаулы аудандық «Бөрлі жаршысы - Бурлинские вести» қоғамдық-саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.

    6.Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Төраға                                                          Е.Каржауов

Дата публикации
14 января 2026