1-тарау. Жалпы ережелер
- Бөрлі ауданы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті (бұдан әрі – регламент) Бөрлі ауданы әкімі аппаратының лауазымды адамдарымен жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының тәртібін реттейді.
- Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды (бұдан әрі - қабылдау) Бөрлі ауданы әкімінің мына лауазымды адамдар жүзеге асырады:
1) аудан әкімі және оның орынбасарлары;
2) аудан әкімі аппаратының басшысы;
3) облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;
4) облыс әкімі аппаратының қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті өзге де қызметкерлері.
- Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдері аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері басшыларының, сондай-ақ облыс әкімі аппаратының қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті өзге де қызметкерлерінің қабылдауына келіскен жағдайда, оларды көрсетілген лауазымды адамдар олар өтініш жасаған күні қабылдауды жүргізеді.
2-тарау. Бөрлі ауданы әкімінің аппаратында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібі
- Қабылдауды ұйымдастыру үшін жауапты қызметкерлер - құжаттамалық қамтамасыз ету және өтініштер бөлімінің мамандары күн сайын жұмыс күндері жұмыс уақытында түскі үзіліспен, «электрондық үкімет» веб-порталындағы немесе «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесiндегі электрондық құжат, қағаз форматтағы, оның ішінде қолма-қол түскен жолданымдар, сондай-ақ телефон арқылы келіп түскен өтінімдер негізінде қабылдауға жазылуды жүргізеді.
- Мәселенің мәні баяндалмаған жеке қабылдау туралы өтініш қаралмайды, бұл туралы өтініш берушіге хабарланады.
- Жолданымды қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
Егер жеке қабылдау туралы жолданымы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 63-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, ол туралы арыз иесіне көрсетіледі және оны Кодекстің талаптарына сәйкес жолданымды талаптарға сәйкес келтіру үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді.
Белгіленген мерзімде Кодекстің талаптарына сәйкес келтірілмеген жеке қабылдау туралы жолданымы қайтарылуға жатады.
- Осы регламенттің 2-тармағында көрсетілген тұлғалар бекітілген кестеге сәйкес айына кемінде бір рет қабылдауды жүргізеді.
Аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдауды «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығына сәйкес халықпен кездесулер өткізгеннен кейін де жүргізеді.
- Лауазымды тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), қабылдау күндері көрсетілген қабылдау кестесі мемлекеттік және орыс тілдерінде аудан әкімі аппаратының ғимаратында көзге оңай түсетін жерде ілінеді, сондай-ақ аудан әкімдігінің ресми сайтында орналастырылады.
- Аудан әкімі орынбасарларының, аппарат басшысының қабылдауы аудан әкімінің тиісті тапсырмасы бойынша бекітілген кестеден тыс қабылдауды өткізу күні көрсетіле отырып жүзеге асырылуы мүмкін.
- Қабылдаудың алдында жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі (бұдан әрі - арыз беруші) өзінің жеке басын куәландыратын құжатты, ал басқа тұлғалардың атынан өтініш жасаған кезде – олардың мүдделерін білдіру өкілеттігін растайтын құжаттарды көрсетеді.
- Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 776-қбпү қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі.
Қажет болған жағдайда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау аудармашының қатысуымен жүргізіледі.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдауда берген жолданымдары, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда оларды қараудың өзгеше қағидалары көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.
- Қабылдау жүгіну кезегі тәртібімен жүргізіледі. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, еңбек ардагерлері, мүгедектігі бар адамдар, жүкті әйелдер, «Алтын Қыран», «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» ордендерімен марапатталған адамдар кезектен тыс қабылданады.
- Мемлекеттік органның қабылданып жатқан тұлғалармен әрекеттестігін бағалау, сонымен қатар қабылдау хаттамасын жүргізу мақсатында қабылдау процессі кезінде видеожазба жүргізіледі,, бұл жөнінде тұлғалар қабылдаудың алдында ауызша ескертіледі. Видеожазбалар Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 145-бабының талаптары сақтала отырып, қажеттілігі өткенге дейін сақталады және бейнежазбадағы тұлғалардың келісімінсіз жариялауға және таратуына жатпайды.
14.Арыз берушілердің келісімімен облыс әкімінің және оның орынбасарларының қабылдауы бейнеконференцбайланыс арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
- Пандемиямен немесе жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты басқа да жағдайларға орай шектеу шаралары енгізілген жағдайда қабылдау бейнеконференцбайланыс арқылы ғана жүзеге асырылады.
- Қабылдауға жазылу мына жағдайларда жүзеге асырылмайды:
1) аудан әкімі аппаратының құзыретіне кірмейтін мәселелер болса;
2) әкімшілік органның, лауазымды адамның жолданымда көрсетілген сол нысана туралы және сол негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушыға қатысты әкімшілік іс бойынша шешімі бар болса;
3) сол нысана туралы және сол негіздер бойынша сол адамға қатысты шығарылған заңды күшіне енген сот актісі бар болса;
4) әкімшілік орган, лауазымды адам жолданымды қайтарса;
5) әкімшілік орган, лауазымды адам арыз иесінен жолданымды кері қайтарып алуды қабылдаса.
- Уақытша еңбекке жарамсыздық, қызметтік іссапар және басқа да жағдайлардың себебі бойынша қабылдау жүргізу мүмкін болмаған жағдайда қабылдаушы адам қабылдауға жауапты қызметкерді жеке қабылдау өткізілгенге дейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей немесе қабылдау өткізілетін күні хабардар етеді.
- Қабылдау күнінде қосымша арыздар мен басқа да ілеспе құжаттарды ресімдеуге (қажет болған жағдайда) көмектесетін заң консультанттары, психологтар және әлеуметтік қызметкерлер тартылуы мүмкін (волонтерлерді қабылдау күндері ғана тартуға болады).
- Көтерілетін мәселе басқа да мүдделі органдар өкілдерінің құзыретіне қатысты болған жағдайда, аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және өтініштер бөлімінің қызметкерлері, қажетті қатысуын қамтамасыз етеді.
- Басқа мүдделі органдар өкілдерінің қабылдауға қатысуы туралы сұрау салу жіберілгеннен кейін, 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберілген сұрау салу туралы және қажет болған жағдайда қабылдауға жазылу туралы жолданымдың қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы арыз иесі хабардар етіледі.
- Басқа мүдделі органдардың бірлесіп қабылдауға қатысудан бас тарту фактілері туралы ақпарат 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдауға шақырылған органның жоғары тұрған органына жолдану тиіс.
- Қабылдау арыз иесінің қалауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.
- Қабылдау барысында құжаттамалық қамтамасыз ету және өтініштер бөлімінің қызметкерлері қабылдауға қатысу үшін аудан әкімі аппаратының қызметкерлерін қабылдауға қатысуға шақыра алады немесе тиісті лауазымды тұлғалармен қабылдау уақыты мен орнын келісе алады.
- Қабылдау барысында қабылданған шешім немесе берілген тапсырмалар және оларды орындауға берілген нақты мерзімдері көрсетіле отырып қабылдау хаттамасына енгізіледі. Хаттамалық тапсырмалар «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесіндегі қабылдау кәртішкесіне қоса тіркеледі.
- Азаматтарды қабылдау шарасы дербес деректер мен мемлекеттік құпияларды не заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғау туралы талаптарды сақтай отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
3-тарау. Жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау мәселелері бойынша өтініштерді тіркеу және қарау тәртібі
- Қабылдауға жазылу туралы келіп түскен барлық жолданымдар «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесінде есепке алынып, түскен күні жолданымдардың қаралуына бақылауды жүзеге асыратын жауапты қызметкерге (бұдан әрі – жауапты қызметкер) алдын ала қарау үшін жібереді.
Егер жолданым жұмыс істемейтін күні келіп түскен болса, онда ол жақын уақыттағы кейінгі жұмыс күнімен тіркеледі.
Ауызша және электронды нысандағы немесе арыз иесі жеке өзі келген кездегі жолданымдар осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес тіркелуге жатады.
- Жауапты қызметкер аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен материалдарды жинап, қабылдау күніне дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын аппарат басшысына қабылдауға жазылған тұлғалар туралы ақпаратты ұсынады.
- Қабылданған шешімнің қорытындысы бойынша жауапты қызметкер қабылдау шарасын қабылдайтын тұлғаның жұмыс кестесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
- Жауапты қызметкер бекітілген тізімдерді қабылдау кестесіне кезектілік тәртібімен бөледі.
- Жолданым тіркелген кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жауапты қызметкер арыз иесіне жауапты жолдайды.
- Мәні бойынша барынша пысықтауды талап ететін күрделі мәселе болған жағдайда, жолданымның қарау мерзімі 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылу мүмкін. Бұл жөнінде жолданымның қарау мерзімін ұзартқан күннен бастап 3 (үш) жұмыс күннің ішінде арыз иесіне хабарлану тиіс.
- Аудан әкімінің және оның орынбасарларының, аппарат басшысының қабылдауын ұйымдастыру үшін қажетті материалдарды ұсыну, қабылдауды өткізу практикасын талдау және қорыту туралы жауапты қызметкерлерінің талаптары аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері үшін орындауға міндетті болып табылады.
- Қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей арыз иесіне бас тарту туралы алдын ала шешім жобасы жіберіліп, тыңдау рәсімі жүргізіледі.
- Тыңдау рәсімін ұйымдастыру және өткізу тәртібі Кодекстің 66, 73 және 74-баптарының талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
4-тарау. Қабылдау қорытындысы бойынша тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру
- Қабылдау қорытындысы бойынша берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылауды аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және өтініштер бөлімі жүзеге асырады.
- Арыз иесіне берілген түпкілікті уәжді жауап қабылдаудан келіп түскен жолданымды бақылаудан алу үшін негіз болып табылады.
- Арыз иесі қабылдау барысында берген жолданымдарға «жеке қабылдаудан» деген белгі қойылып, «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесiнде тіркеледі.
- Құжаттамалық қамтамасыз ету және өтініштер бөлімінің қызметкерлері тұрақты негізде арыз иелерінің қанағаттану деңгейіне мониторинг жүргізіп, консультация алған және жеке қабылдауға жазылудан бас тартқан арыз иелеріне телефон байланысы арқылы іріктеп сауалнама жүргізуі тиіс.
- Құжаттамалық қамтамасыз ету және өтініштер бөлімі аудан әкімі аппаратының мүдделі құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, мыналарды қамтамасыз етеді:
1) өткізілетін қабылдаулар шеңберінде аудан әкімі мен оның орынбасарларының жұмысын ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуді;
2) қабылдауға тартылған жауапты лауазымды адамдардың, оның ішінде басқа да мүдделі органдардың жауапты лауазымды адамдарының қатысуын;
3) арыз иесімен кері байланысты (қажеттілікке қарай);
4) қабылдау шеңберінде жұмыс істейтін сall-орталықтардың, оның ішінде төтенше жағдай режимдерін, төтенше жағдайды, эпидемиологиялық сипаттағы карантиндік шараларды, техногендік аварияларды және халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өзге де апаттармен байланысты шектеу шараларын қабылдаған жағдайда үздіксіз жұмыс істеуін
- Аудан әкімі аппаратының лауазымды тұлғалармен жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау жұмысы бойынша қорытындылары тұрақты негізде (тоқсанына кемінде бір рет) Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратына ұсынылады.