Елде «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер күшіне енді. Олар көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару және тұрғын үйге иелік ету тәртібін едәуір өзгертеді. Жаңа талаптар жүйені жеңілдетуге, бақылауды күшейтуге және қаражаттың жұмсалуын ашық етуге бағытталған.
Еңгізілген өзгерістердің бірі — «жай серіктестік» (ЖС) басқару нысанының жойылуы. Енді меншік иелеріне тек екі заңды басқару түрі қолжетімді — Мүлік меншік иелерінің бірлестігі (ММИБ) және Тікелей бірлесіп басқару (ТББ). МИБ заңды тұлға ретінде құрылады, төраға үш жыл мерзімге сайланады, тұрақты қаржылық есеп беру міндетті. ТББ нысаны барлық көппәтерлі тұрғын үйлерде қолданылады, заңды тұлға құрмайды, барлық шешімдер тұрғындардың жалпы жиналысында қабылданады.
Қаржылық тәртіп те қатаңдатылды. Басқарушы ұйымдар әр үй бойынша бөлек есеп жүргізуге, ағымдағы және жинақ шоттарын ашуға міндетті.
Енгізілген өзгерістер тұрғындар үшін басқару процесін түсінікті етеді, қаржылық теріс пайдалану жағдайларын болдырмайды және ортақ мүлікті тиімді басқаруға мүмкіндік береді.