БӨРЛІ АУДАНЫ ДОСТЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2025 жылдың 17 тамызда Бөрлі ауданының Достық сайлау округі бойынша Достық ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бөрлі ауданы Достық ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 276 азамат енгізілді, оның ішінде - 137 дауыс берді. «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 1 . Жарамсыз бюллетеньдер саны – 1.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Кабулов Д.Е. - 9;
Қожаниязов А.С. - 104;
Махсутова А.М. - 22.
Достық ауылдық округінің әкімі болып Қожаниязов Азат Сағидоллаұлы сайланды, 02.03.1995 жылы туған, Бөрлі ауданы Достық ауылдық округі әкімі аппараты бас маманының міндетін атқарушы, Бөрлі ауданы, Достық ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
Бөрлі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясы