Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 20-бабының 12-тармағына сәйкес және №79 учаскелік сайлау комиссиясының 2025 жылғы 28 шілдедегі №1 хаттамасы негізінде, учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Анар Есенгельдиевна Арыстанованың өкілеттілігі тоқтағаның және Кеңтүбек ауылдық округі әкімі сайлауының науқаны кезеңіне уақытша сайлау комиссиясының төрағасы болып Кабулов Арман Талгатович тағайындалғанын хабарлайды.
Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы