Кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама

КЕҢТҮБЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ТУРАЛЫ БӨРЛІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

 

БӨРЛІ  АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-5-бабына сәйкес, Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылдың 25 шілде күні Бөрлі ауданы Кеңтүбек ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:

1) Баймуратова  Нурия  Орынгалиевна  -  29.10.1991 жылы туған,  Бөрлі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік сатып алу және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас инспекторы, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынды;

2) Газиев  Нурлан  Талаптанович - 19.08.1978 жылы туған, Кеңтүбек ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Кеңтүбек ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;

3) Ташуков  Нурлыбек  Болатович - 21.02.1987 жылы туған, "Ақсай жаңғырту" ЖШС директорының орынбасары, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласында тұрады,   өзін-өзі ұсынды.

Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
25 июля 2025