ДОСТЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ТУРАЛЫ БӨРЛІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
БӨРЛІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-5-бабына сәйкес, Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылдың 25 шілде күні Бөрлі ауданы Достық ауылдық округі әкіміне келесі кандидаттарды тіркеді:
1) Кабулов Диас Ерланұлы - 16.09.1998 жылы туған, Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
2) Кожаниязов Азат Сагидулаевич - 02.03.1995 жылы туған, Достық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманының міндетін атқарушы, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Достық ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
3) Махсутова Айсара Махсутовна - 29.12.1993 жылы туған, Приурал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Приурал ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы