|
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы |
|
Территориальная избирательная комиссия Бурлинского района Западно-Казахстанской области
|
|
ҚАУЛЫ |
|
ПОСТАНОВЛЕНИЕ
|
________№_______
Ақсай қаласы город Аксай
9 шілде 2025 жыл №8
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Бөрлі ауданы Кеңтүбек ауылдық округі
әкімінің сайлауын 2025 жылдың 17 тамызына тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Кеңтүбек ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылдың 17 тамызына тағайындалсын.
2.2025 жылдың 17 тамызына тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Кеңтүбек ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
3.Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
4.Осы қаулының көшірмесі Бөрлі ауданының әкіміне жолдансын.
5.Осы қаулы аудандық «Бөрлі жаршысы - Бурлинские вести» қоғамдық-саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
6.Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Төраға Е.Каржауов