Жер учаскескелерін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

БӨРЛІ

АУДАНЫНЫҢ

ӘКІМДІГІ

 

 

 


ҚАУЛЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АКИМАТ

БУРЛИНСКОГО

РАЙОНА

 

 

 

        ПОСТАНОВЛЕНИЕ

 13 желтоқсан 2024 ж.                                                                    №468

 

Ақсай қ.         

 

Жер учаскескелерін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы (Ақсай қаласы, Ықсанов көшесі, 85 үй)

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы»   Заңына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақсай қаласы, Ықсанов көшесі, 85 үй мекенжайында орналасқан жер учаскелері спорт, мәдени, білім беру нысандарың салу жоспарлануына байланысты аталған жер учаскелері 2025 жылдың 17 наурызынан мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылсын.

2. Келісім рәсімдерін жүзеге асыру үшін Ақсай қаласы, Әл-Фараби көшесі, 99 мекенжайында орналасқан «Бөрлі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Имашевқа жүктелсін.

       

 

Аудан әкімі                                          Е.Ихсанов

 

 

 

Дата публикации
13 декабря 2024