Ақсу, Бөрлі, Қарағанды, Қаракұдық, Қанай ауылдық округтері әкімдерін тіркеу туралы Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Бөрлі  ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Ақсу, Бөрлі, Қарағанды, Қаракұдық, Қанай ауылдық округтері әкімдерін тіркеу туралы  Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының  ХАБАРЛАМАСЫ

 

     Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылдың 22 маусымда Ақсу, Бөрлі, Қарағанды, Қаракұдық, Қанай  ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын өткізді.

     «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45-бабына, 113-11-бабына және сайлаудың қорытындыларына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 24 маусымдағы шешімдерімен Ақсу, Бөрлі, Қарағанды, Қаракұдық, Қанай ауылдық  округтерінің әкімдері лауазымына келесі кандидаттар тіркелді:

     Ақсу ауылдық округі –  Азаматов Руслан Нурбулатович,  1987 жылы туған, «Ақсу  ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласында  тұрады, өзін-өзі ұсынған;

     Бөрлі ауылдық округі –  Зарифов   Азильхан  Уалиханович,  1990 жылы туған,  Бөрлі  ауылдық округінің әкімі, Бөрлі ауданы, Бөрлі ауылында  тұрады, өзін-өзі ұсынған;

     Қарағанды  ауылдық округі – Сагидулина  Бибигуль Амангельдиевна,  1972 жылы туған,  Қарағанды  ауылдық округінің   әкімі,   Бөрлі ауданы, Қарағанды  ауылында  тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған;

     Қарақұдық ауылдық округі –  Тулегенов Турехан  Тельманович  1986 жылы туған, Бөрлі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ директоры,   Бөрлі ауданы,  Бөрлі  ауылында  тұрады, өзін-өзі  ұсынған;

     Қанай  ауылдық округі – Стамгазиев   Есенаман  Жумажанович сайланды,   1984 жылы туған, «Бөрлі аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКК  басшысы. Бөрлі ауданы, Бөрлі ауылында  тұрады, өзін-өзі ұсынған.

 

 

Бөрлі   ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
24 июня 2025