Бөрлі ауданы Қарағанды ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА

Бөрлі ауданы Қарағанды  ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА

 

БӨРЛІ АУДАНЫ ҚАРАҒАНДЫ  АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

     2025 жылдың 22 маусымда Бөрлі  ауданының Қарағанды  сайлау округі бойынша Қарағанды ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

     Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бөрлі ауданы Қарағанды ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

     Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 376  азамат енгізілді, оның ішінде -   222  дауыс берді. «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар –  9. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 2.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ибрашов  К.Н. – 22;  

Молдахметова  З.К. – 13;  

Сагидулина  Б.А.   – 176.

 Сагидулина  Бибигуль Амангельдиевна сайланды, 19.05.1972 жылы туған, «Бөрлі  ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі,   Бөрлі ауданы, Қарағанды  ауылының  тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған.

 

Бөрлі  ауданының аумақтық

 сайлау комиссиясы

Дата публикации
23 июня 2025