Бөрлі ауданы Бөрлі ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы ХАБАРЛАМА
БӨРЛІ АУДАНЫ БӨРЛІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2025 жылдың 22 маусымда Бөрлі ауданының Бөрлі сайлау округі бойынша Бөрлі ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бөрлі ауданы Бөрлі ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2492 азамат енгізілді, оның ішінде - 1287 дауыс берді. «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 45. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 31.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Абденжанов Н.А. – 131;
Жумагалиев Е.Н. – 148;
Зарифов А.У. – 932.
Зарифов Азильхан Уалиханович сайланды, 22.07.1990 жылы туған, «Бөрлі ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі. Бөрлі ауданы, Бөрлі ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
Бөрлі ауданының аумақтық
сайлау комиссиясы