Бөрлі ауданы Ақсу ауылдық округі әкімін сайлау қорытындысы туралы Хабарлама

Бөрлі Ауданы Ақсу Ауылдық Округі Әкімін Сайлау Қорытындысы Туралы Хабарлама

 

БӨРЛІ АУДАНЫ АҚСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

     2025 жылдың 22 маусымда Бөрлі  ауданының Ақсу сайлау округі бойынша Ақсу ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

     Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9 тармақшасына, 44-бабының 2 тармағына, 45 бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бөрлі ауданы Ақсу ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

     Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 381  азамат енгізілді, оның ішінде -   193  дауыс берді. «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 5. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 6.

 

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Азаматов Р.Н. – 142;  

Кубжанова Д.Е. – 19;  

Сагиналиева Г.С. – 21.  

     Ақсу  ауылдық округінің әкімі болып Азаматов Руслан Нурбулатович сайланды, 22.09.1987 жылы туған, «Ақсу  ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы. Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының  тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.

 

Бөрлі  ауданының аумақтық

 сайлау комиссиясы

Дата публикации
23 июня 2025