Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Пугачев ауылдық округі әкімін тіркеу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Пугачев ауылдық округі әкімін тіркеу туралы

ХАБАРЛАМАСЫ

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-11-бабына сәйкес, Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылы 18 мамыр күні Пугачев ауылдық округі әкімінің сайлауын өткізді.

Сайлаудың қорытындысына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 19 мамырдағы №26 шешімімен Пугачев ауылдық округінің әкімі болып Изтелеуов Мереке Нурланович тіркелді  – 1971 жылы туған, Бөрлі ауданы Пугачев ауылдық округінің әкімі, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Пугачев ауылында тұрады, өзін өзі ұсынды.

 Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
20 мая 2025