Әкімдерді сайлау жөніндегі сайлау округінің құрылуы туралы

БӨРЛІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

Ақсай қаласы                                      №6                                14 мамыр  2025 жыл

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы

Ақсу, Бөрлі, Қанай, Қарағанды, Қарақұдық

ауылдық округтері әкімдерін сайлау

жөнінде сайлау округтерін құру туралы

     «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6)-тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес, Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2025 жылғы 22 маусымға тағайындалған Бөрлі ауданы Ақсу, Бөрлі, Қанай, Қарағанды, Қарақұдық ауылдық округтері әкімдерін сайлау жөнінде Ақсу, Бөрлі, Қанай, Қарағанды, Қарақұдық ауылдық округтері аумағының шекарасында сайлау округтері құрылсын.
  2. Осы қаулы Бөрлі ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық қоғамдық-саяси «Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести» газетінде жариялансын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Төраға                                                           Е.Каржауов

Дата публикации
14 мая 2025