БӨРЛІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ
КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Ақсай қаласы №5 14 мамыр 2025 жыл
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы
Ақсу, Бөрлі, Қанай, Қарағанды, Қарақұдық
ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын
2025 жылғы 22 маусымға тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағы 1)-тармақшасына және 2-тармағына сәйкес, Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Ақсу, Бөрлі, Қанай, Қарағанды, Қарақұдық ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2025 жылғы 22 маусымға тағайындалсын.
- 2025 жылғы 22 маусымға тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсу, Бөрлі, Қанай, Қарағанды, Қарақұдық ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы қаулының көшірмесі Бөрлі ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы қаулы Бөрлі ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық қоғамдық-саяси «Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести» газетінде жариялансын.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Төраға Е.Каржауов