Күнтізбелік жоспар

2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Ақсу, Бөрлі, Қанай, Қарағанды  және Қарақұдық  ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

 

Батыс Қазақстан облысы

Бөрлі  аудандық аумақтық

сайлау  комиссиясының

2021 жылғы 25 маусымдағы

№4    шешімімен бекітілген

 

2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан Бөрлі ауданының Ақсу, Бөрлі, Қанай, Қарағанды  және Қарақұдық   ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

Күнтізбелік жоспары

 

1.     Ауылдық округ әкімдерінің сайлауын тағайындау

                                Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

                                2021 жыл 25 маусым

                                                (14-бап 8-1)-тармақша, 113-1-бап 2-, 3-тармақтар)

 

2. Сайлау округтерінің тізімін олардың шекараларын және аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсетіп, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2021 жылғы 5 шілдеден кешіктірмей

( 22-бап)

 

 

3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                                        

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2021 жылғы 5 шілдеден кешіктірмей

(13-бап 4-тармақ)                   

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                                            

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

 2021 жылғы 10 шілдеден кешіктірмей  

(17-бап 2-тармақ)

  

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде

2021 жылғы 10 шілдеден кешіктірмей  

(23-бап 5-тармақ)

6. Әкімдікке кандидаттарды ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар, өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар, егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе,  тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге он бес күн қалғанда  жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады (2021 жылғы 26 маусымда басталады және 2021 жылғы 9 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 18:00-де аяқталады)

                   (113-3-бап 1-тармақ)

 

Дата публикации
01 апреля 2025