Бөрлі ауданының Успен ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы Бөрлі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ
2023 жылғы 24 қыркүйекте Бөрлі ауданының Успен ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бөрлі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бөрлі ауданының Успен ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 368 азамат енгізілді, оның ішінде - 269 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 5, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ақмабетов Д.Д. –12 ( 4,6 %);
Сәми А.Т. – 0 (0 %);
Искалиев Д.М. – 248 ( 95,4 %).
Бөрлі ауданының Успен ауылдық округінің әкімі болып Искалиев Дотан Мухитович сайланды, 1981 жылғы, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Успен ауылдық округінің әкімі, Бөрлі ауданының Успен ауылында тұрады. «Amanat» партиясы ұсынған.
Бөрлі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы