|
1
|
Көрсетілетін қызметті беруші
|
Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары
|
|
2
|
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қол жеткізу каналдары)
|
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация)
|
|
3
|
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
|
1) куәлік (куәліктің телнұсқасын) беру – 5 (бес) жұмыс күні. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді; 2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут; 3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.
|
|
4
|
Көрсету нысаны
|
Қағаз түрінде
|
|
5
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 78 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26976 болып тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес бекітілген үлгі бойынша куәлікті немесе оның телнұсқасын беру
|
|
6
|
Мемлекетік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдері
|
Тегін
|
|
7
|
Жұмыс кестесі
|
1) көрсетілетін қызметті беруші – мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібінде жүзеге асырылады; 2) Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. Қабылдау "электрондық кезек" тәртібінде, жеделдетіп қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады.
|
|
8
|
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
|
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар: 1) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 2) ақтау туралы анықтама не заңды күшіне енген сот актісінің көшірмесі; 3) өкілі арқылы жүгінген кезде – оның өкілеттіктерін растайтын нотариат куәландырған құжат. Салыстырып тексеру үшін заңды күшіне енген сот актісінің көшірмесін қоспағанда, құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары қайтарылады.
|
|
9
|
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздері
|
Көрсетілетін қызметті беруші мынадай: 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
|
|
10
|
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
|
1. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.enbek.gov.kz ресми интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. 2. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен статусы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. 3. Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторизацияланған субъектілер үшін қолжетімді. Субъект мобильдік қосымшада және пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторландырудан өтеді, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.
|