Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 бабына және Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына сәйкес Бөрлі ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсты 2025 жыл 26 наурыз сағат 0900 де өткізеді. Өтетін орны: Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Абай көшесі, 3/1 мекен-жайы бойынша Ақсай қаласы әкімдігінің ғимараты.