ПРОЕКТ
Бөрлі ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48–бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
- Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Муктар Серикович Нурмаков тағайындалсын.
- Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімінің "Бөрлі ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2024 жылғы 8 ақпандағы №2 шешімі жойылсын.
- Бөрлі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік – құқықтық жұмысы бөлімі осы шешімнің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 28 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.