ЖОБА
Бөрлі ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Бөрлі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бөрлі ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Бөрлі ауданы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Бөрлі ауданының әкімі
|
Е. Ихсанов
|
|
|
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 2024 жылғы қазандағы № қаулысына қосымша
|
| |
|
|
- Бөрлі ауданы әкімдігінің "Бөрлі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 03 қарашадағы № 822 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4165 болып тіркелген);
- Бөрлі ауданы әкімдігінің "Бөрлі ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" 2019 жылғы 07 наурыздағы № 8 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5564 болып тіркелген);
- Бөрлі ауданы әкімдігінің "Бөрлі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қарашадағы № 822 "Бөрлі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 11 наурыздағы № 9 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5567 болып тіркелген);
- Бөрлі ауданы әкімдігінің "Бөрлі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қарашадағы №822 "Бөрлі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 304 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6379 болып тіркелген);
- Бөрлі ауданы әкімдігінің "Бөрлі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қарашадағы №822 "Бөрлі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 17 мамырдағы № 183 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28193 болып тіркелген).