БӨРЛІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

БӨРЛІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

Ақсай қаласы                                      №2                                 22 қаңтар 2025 жыл

 

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы

Ақсай қаласының әкімін сайлауы бойынша

сайлау округін құру туралы

 

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6)-тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес, Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бөрлі ауданы Ақсай қаласының әкімін сайлауы бойынша Ақсай қаласы аумағының шекарасында – Ақсай сайлау округі құрылсын.
  2. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және сайлау округінің тізімі, оның шекарасы Бөрлі ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық қоғамдық-саяси «Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести» газетінде жариялансын.
  3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Төраға                                                                 Е.Каржауов

 

 

Дата публикации
22 января 2025