БӨРЛІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Ақсай қаласы №1 22 қаңтар 2025 жыл
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының
Ақсай қаласы әкімінің сайлауын
2025 жылғы 2 наурызға тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағы 1)-тармақшасына және 2-тармағына сәйкес, Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Ақсай қаласы әкімінің сайлауы 2025 жылғы 2 наурызға тағайындалсын.
- 2025 жылғы 2 наурызға тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы қаулының көшірмесі Бөрлі ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы қаулы Бөрлі ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық қоғамдық-саяси «Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести» газетінде жариялансын.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Төраға Е.Каржауов