Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларына 5-қосымша Нысан
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобалардың іске асырылуы мен нәтижелерін бағалау туралы ақпарат
| Әлеуметтік жобаның атауы | Өнім берушінің атауы | Шарт сомасы (мың теңге) | Мақсаттары мен міндеттері | Жобаны іске асыру кезеңі | Әлеуметтік жобаны орындау процесі және өткізілген іс-шаралар | Нәтижелері (қойылған мақсаттарға қандай деңгейде қол жеткізуге болады) | Жобаның бағалау (орташа бағасы) |
| Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету | Малика дене мүмкіндіктері шектеулі түлғаларды қатарға қосу орталығы" ҚБ | 50693,5 | Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа шалынған түлғаларды уақытша баспанамен қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау | 2023-2025 ж | Келісім шарт 2023 жылғы 10 наурызда жасалды. Орталық Ақсай қаласы, Ақселен көш. 5 үй мекенжай бойынша ашылды. Жыл басынан 53 адам, оның ішінде 31 бала орталыққа қабылданды. Мамандар (психолог, заңгер, әлеуметтік педагог, әлеуметтік қызметкер) қызмет алушыларға әлеуметтік-тұрмыстық, психологиялық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, медициналық қызметтерді көрсетеді. Орталықтың жұмысы нәтижесінде 1 отбасы Өспен ауылына көшірілді, уақытша баспанамен қамтылып, әйел адам жұмысқа орналасты, балдары мектепке, бала бақшаға орналастырылды. Ер адамға құжаттары қалпына келтірілді. 13 әйел балдарымен отбасыларына қайтарылды, бір адам жұмысқа орналастырылды. Отбасылық құндылықтарды насихаттау, тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу мақсатында қызмет алушыларға Наурыз мейрамы, Ана күніне, Отбасы күніне орай мерекелік шаралар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. "Зорлық-зомбылыққа жол жоқ" тақырыбында баннер жасалып, сауда үйлерінде, жәрмеңкеде брошюралар, парақшалар халыққа таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.148 адам қамтылды. "Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!" атты волонтерлермен біріккен флешмоб өткізілді. 15 адам қатысты. | қол жеткізілді | 5 |
| Бөрлі ауданында мүгедектігі бар балаларды әлеуметтендіру | Жас қанат ЖҚБ | 4050 | Мүмкіндігі шектеулі балаларды және аз қамтылған отбасылардың балаларын шығармашылықпен айналыса отыратын қолайлы ортаға бейімдеу; шығармашылықпен жұмыстану барысында балалардың мінез- құлқын және айналамен қарым-қатынасын түзеу, балалардың шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру үшін тең мүмкіндіктерді жасау, ата-аналармен қарым-қатынаста болу. | 2024 жылы бойы | Келісім шарт 2024 жылғы 6 ақпанда жасалды. Мүгедектігі бар балалардың аналарымен кеңес беру мақсатында кездесу ұйымдастырылды, 25 адам қатысты. "Қош келдің, әз-Наурыз" атты аудандық шығармашылық сүрет байқауы өткізілді, 10 бала қатысты. 2 мамыр күні мүгедектігі бар балаларға киноға бару -ойын-сауық шарасы өткізілді. Жеңіс күніне орай, "Отты жылдар" атты ерекше балалар арасында мәнерлеп оқу бойынша шығармашылық байқау өтті. 1 маусым-Балаларды қорғау күніне орай, мерекелік шара ұйымдастырылды. 30 шілдеде Орал қаласына экскурсияға 8 мүгедектігі бар бала аналарымен апарылды. "Ата заңым-айбыным" тақырыбында эссе жазудан шығармашылық байқауы ұйымдастырылды, 10 бала қатысты. 27 қырқүйекте мүгедектігі бар балалар кинотеатрға шақыртылды (9 бала қатысты), 30 қырқүйекте арттерапия шарасы ұйымдастырылды (13 бала қатысты). 21 қазанда "Ақылды бала-қамқоршы ана" тақырыпта интеллектуалды ойын өткізілді, 5 адам қатысты. "Қош келдің, Алтын күз" атты балалардың қолымен жасалған жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. 12 бала өз жұмыстарын ұсынды. 4 бала демеушілердің көмегімен киім-кешекпен қамтамасыз етілді. "Көңілді сөре" отбасылық спорттық сайыс оздырылды, 13 адам қатысты. Тәуелсіздік күніне орай, "Менің Тәуелсіз Қазақстаным" атты сүрет байқауы өтті. 20 бала қатысты. Жаңа жыл мерекесіне 175 балаға сыйлықтар табысталды. | қол жеткізілді | 5 |
| Бөрлі ауданының мүгедектігі бар адамдардың бос уақытын ұйымдастыру | Малика дене мүмкіндтері шектеулі түлғаларды қатарға қосу орталығы" ҚБ | 4050 | Мүгедектерді қоғамға бірігу; мүгедектерге шығармашылықпен, спортпен, қоғамдық қызметпен айналысуға тең мүмкіншілік жасау; өмірлік қиын жағдайда әлеуметтік қолдау көрсету | 2024 жылы бойы | Келісім шарт 2024 жылғы 4 наурызда жасалды. Іс шаралар жоспары бекітілді. Кинотеатрға бару және фильмді талқылау ұйымдастырылды. Орал қаласына экскурсия ұйымдастырылды, соның ішінде, музейге және Х.Букеева атындағы театрға бару. 119 адам қамтылды. 5 маусымда Интернет алаяқтық жөнінде полиция қызметкерлермен кездесу өткізілді. "Менім бақытты отбасым" атты сайыс ұйымдастырылды, 9 адам қатысты. Мансап орталығымен бірлесін бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді. Мүгедектігі бар адамдардың арасында "Біз біргеміз, қолымыздан бәрі келеді" атты спорттық сайыс ұйымдастырылды, 24 адам қатысты. Киелі жеріне саяхат ұйымдастырылды (15 адам), табиғатқа демалыс ұйымдастырылды (20 адам). Спортың қолжетімді түрлері бойынша турнир өткізілді, 15 адам қатысты. "Аманат" партиясы ғимаратында заңгер, мемлекеттік органдардың мамандарымен кездесу өткізілді, тегін құқықтық кеңесті 18 мүгедектігі бар адам алды. Мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесу өткізілді. Отбасы қүніне орай, "Отбасы-тәрбие ұясы" атты библио тренинг өткізілді, 12 адам қатысты. Мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды "Нұр-ай" мейрамханада. 80 адам қатысты. Тәуелсіздік күніне орай, "Аманат" партиясының филиалында кездесу өтті, қоғамдық өміріне белсенді қатысып жүргендерге алғыс хат табысталды.25 адам қатысты. Жаңа жыл қарсанында 92 қабілетсіз мүгедектігі бар адамдарға сыйлықтар табысталды. | қол жеткізілді | 4,95 |
| Инватакси қызметін көрсету | «Көру мүшесі зақымдалған мүгедектер қоғамдық бірлестігінің «Орал» қорпоративтік қоры | 14920 | Көру қабілеті нашар және тірек-қимыл аппараттары бұзылған, 1 топ мүгедектігі бар адамдарға, мектепке дейінгі мекемелерге, оқу орындарына, арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін ұйымдарға баратын, жүріп тұруы қиын, құлағы нашар еститін, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балаларға тасымалдау қызметтерін көрсету | 2024 жылы бойы | Келісім шарт 2024 жылғы 15 шілдеде жасалды. Диспетчерлік қызмет құрылды. Үш автокөлік қызмет көрсетіп бастады. Қазан айынан бастап гемодиализ емін алатын 20 адам қосылды. Қызмет алушылар саны 69, оның ішінде 26 бала. Инватакси қызметіне 3452 тапсырыс берілді. | қол жеткізілді | 4,95 |
| Бөрлі ауданында белсенді ұзақ өмір сүру орталығы | Интеграл ЖҚБ | 84662,1 | Аға буын азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған мәдениет-демалыс, спорттық жүйелі жұмысы үшін жағдайларды жасау, адам саны 30 адамнан кем емес | 2023-2025 ж | Келісім шарт 2023 жылғы 2 наурызда жасалды. Орталық Ақсай қаласы, Жастар көш. 20/1А мекенжай бойынша ашылды. Қатысушылар саны 225 адам. Жыл басынан көрсетілген қызмет саны 13538: ағылшын, қазақ тілін оқыту курстары -2276, компьютерлік курсы 518, психологиялық көмек - 1245, заңгерлік кеңес-871, медициналық қызмет-3976, спорттық жаттығулар -3477, үйірме жұмысы-995, бассейн-180 Сонымен қатар, 48 мәдені, спорттық, танымдық, т.б. шаралар ұйымдастырылды. | қол жеткізілді | 5 |
| Мүгедектігі бар балаларға жартылай стационар жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету | Малика дене мүмкіндіктері шектеулі түлғаларды қатарға қосу орталығы" ҚБ | 17856,8 | Мүгедектігі бар адамның абилитация және оңалту жеке бағдарламасына сәйкес жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету, бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға тәуліктің күндізгі уақытында (күніне төрт сағат) | 2023-2025 | Келісім шарт 2023 жылғы 10 наурызда жасалды. Жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы Ақсай қаласы, С.Дат көш.10/1 мекенжай бойынша орналасады. Қызметтерді логопед, психолог, әлеуметтік педагог, әлеуметтік қызметкер күнсайын жеке бағдарламалар бойынша көрсетеді. Қызмет алушы-6 бала. Сонымен қатар "Жүректен жүрекке", аналарға арналған мерекелік шаралар, 14 наурыз-Амал мерекесіне шара ұйымдастырылды. "Наурызнама"онкүндіктін ішінде мерекелік шара, салт дәстүрлермен, ұлттық киімдермен танысу, ұлттық ойындар өткізілді. Әкелер күніне орай шығармашылық сағат , сүреттер көрмесі ұйымдастырылды. 31 мамыр күні Балаларды қорғау күніне орай, мерекелік шара өтті. Ата-аналарға арналған психологиялық тренинг, "Қайырымдылық-асыл қасиет" атты қайырымдылық шара ұйымдастырылды. | қол жеткізілді | 4,95 |
| Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды әлеуметтендіру және қоғамға бейімдеу | Сұңқар-Ақсай ЖҚБ | 4500 | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметiнде есепте тұрған адамдарды әлеуметтiк бейімдеу және оңалту мақсатында, оларға әлеуметтiк-құқықтық, психологиялық қызмет көрсетудi, жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді, және басқа да көмек көрсетуді ұйымдастыру | 2024 жылы бойы | Келісім шарт 2024 жылғы 27 мамырда жасалды. Іс жоспары бекітілді. Заңгер консультациясы 37 адамға, психологтың қызметі 65 адамға көрсетілді. Рейд барысында 93 отбасына профилактикалық түсіндірме жұмысы жүргізілді. Теолог маманымен "Деструктивті діни ағымдардың зияны мен залалы" тақырыбында кездесу өткізілді. Кітапхана қызметкерлерімен "Абай әлемі-адамгершілік бесігі" рухани шара ұйымдастырылды. Мансап орталығымен өткізілген бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне 10 азамат қатыстырылды. мектепке жол акция шеңберінде 12 балаға мектеп құралдарына сертификат табысталды. Тіл күніне орай волейболдан турник өздырылды (11 адам). Нысаналы топқа дөңгелек үстел өткізілді, оған Мансап орталығының директоры, заңгер, психолог шақыртылды, 7 адам қатысты. 3 адамға қайырымдылық көмек көрсетілді. Отбасы күніне орай өткізілген "Берік отбасы-адамның сенімді тірегі" атты дөңгелек үстелге мұражай директоры шақыртылды, 15 адам қатысты. 18 қазан күні теологпен кездесу өтті, 11 адам қатысты. Қайырымдылық айлығы аясында 10 азаматқа 20000 теңгеден сертификат табысталды. "Ақсай" спорт кешенінде кермеге тартылу, гір көтеруден аудандық турнир өтті. 10 адам қатысты. "Атаның сөзі-ақылдың көзі" тақырыпта кездесу өткізілді. 29 адам қатысты. Тәуелсіздік күніне орай, "Ұлттық рух-тәуелсіздік тірегі" психологиялық-интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды. 19 адам қатысты. Есепте тұрған түлғалардың балаларына Жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.(18 адам) | қол жеткізілді | 4,95 |
| Бөрлі ауданындағы жүзу бассейнінде мүгедектігі бар балаларға Аква оңалту қызметтерін көрсету | Сенім Ақсай ҚҚ | 1880 | Мүгедектігі бар балалардың қарым-қатынасы мен мінез-құлқын түзету; олардың физикалық жағдайына терапевтік әсер ету; оларды салауатты өмір салтымен, спортқа баулу; мүгедектігі бар балаларды қоғамға әлеуметтендіру | 2024 жылы бойы | Келісім шарт 2024 жылдың 8 қазанда келісім шарт жасалды. 26 бала аптасына 2 рет, 30 минуттан қызмет алды. Ата-аналармен кездесу барысында аквареабилитация бойынша брошюралар үлестірілді. Невролог дәрігерімен балаларды алғашқы тексеру, және жылдың аяғында қайта тексеру өткізілді. | қол жеткізілді | 4,95 |
| «Бақытты отбасы» отбасыларды қолдау үшін әлеуметтік орталық» | Жас қанат ЖҚБ | 16470 | Жағымсыздық, қиын өмірлік жағдайдағы немесе бұндай жағдайдың тәуекел аймағында болған түлғаларды (отбасыларды) анықтау, және оларға әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-құқықтық қызметтерді алуға көмек көрсету | 2024 жылы бойы | Келісім шарт 2024 жылғы 28 ақпанда жасалды. Ақсай қаласында Жастар көш. 20/1 мекенжай бойынша орталық ашылды. Қызмет алушылар саны-431 адам, оның ішінде 138 бала. Оларға 536 қызмет көрсетілді: психологтың қызметі- 137, заңгерлік қызмет-83, әлеуметтік мәселелер бойынша-199, egov порталы бойынша-117. Көпбалалы аналарды қолдау мақсатында «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Аналар күні мерекесіне орай, «Ана бақыты-бала бақыты» атты тәрбиелік шарасы өтті. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға берілетін мемлекеттік грант бойынша бизнес тренермен, тігінші маманымен, логопед-дефектологпен логомассаж бойынша шеберлік сағаттар өткізілді. Кітапхана қызметкерлері орталықта буккроссинг бұрышы ашылды. «Діни сауаттылықты орнықтыру» тақырыбында, теолог пен психолог мамандарымен ақпараттық түсіндірме жүргізілді. Полиция қызметкерлерімен интернет алаяқтықтын алдын алу бойынша, Отбасы банк консультантымен тұрғын үй алу мәселесі бойынша кездесулер ұйымдастырылды.Қітапхана жүйесі қызметкерлерімен «Абай- біздің бабамыз», «Демі бардың-емі бар» атты шаралар өткізілді. "Гендерлік зорлық зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні"республикалық акция аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, психолог маманы, полиция қызметкерлері, "аманат" партиясының өкілдері қатысты.Қараша айында оқыту курстары басталды логопед, дефектолог, психолог, мастар маникюра, парикмахер мамандықтар бойынша. Қатысушылар саны-7 адам. 16 желтоқсанда- ҚР тәуелсіздік күніне орай қоп балалы отбасылар арасында «Көнілді сөре» атаумен спорттық эстафеталық жарыс өтті. | қол жеткізілді | 4,9 |
| Аутизм спектрінің бұзылуы бар балаларды сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсету | Жас Дарын ҚФ | 39408 | Аутизм спектрінің бұзылуы бар балалардың мінез-құлығын және қатысымын түзету, балаларды қоғамға қосуға жағдай жасау, оларды дамыту мен өзін-өзі жүзеге асырудың тең мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету | 2024-2026 ж. | Келісім шарт 2024 жылғы 22 сәуірде жасалды. Ақсай қаласы 5А ықшам ауданы 1В үй мекенжайы бойынша орналасқан ғимаратта психолог, логопед, АВА-терапевт мамандары аутизм спектрінің бұзылуы бар балалармен жұмыстануда. Қызмет алушы балалар саны -29. Сонымен қатар балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен 9 шара ұйымдастырылды. | қол жеткізілді | 4,95 |