Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның іске асырылу мониторингі және нәтижелерін бағалау қағидаларына 3-қосымша
Жария талқылаудан кейін 2025 жылға арналған іске асырылуы жоспарланып отырған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпарат
| № | Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атауы | Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның атауы | Жоспарланған сомасы (мың теңге) | Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның қысқаша мазмұны |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 5-сала. Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу | ||||
| 1 | "Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ | Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету | 16 969,9 | Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа шалынған түлғалар уақытша баспанамен қамтамасыз ету, және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша шараларды ұйымдастыру. |
| Жиынында | 16969,9 | |||
| 6-сала. Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау | ||||
| 1 | "Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ | Бөрлі ауданында мүгедектігі бар балаларды әлеуметтендіру | 4 680,00 | Мүгедектігі бар балалар үшін шаралар ұйымдастыру, оларға материалдық қолдау көрсету. |
| 2 | "Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ | Бөрлі ауданында мүгедектігі бар түлғалардың бос уақытын ұйымдастыру | 4 680,00 | Мүгедектегі бар адамдар үшін спорттық шаралар, дөңгелек үстелдерді, жаппай-мәдени шараларды ұйымдастыру. |
| 3 | "Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ | Инватакси қызметін көрсету | 42 869.0 | Көзі нашар көретін, тірек-қимыл аппараты бұзылған 1 топ мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға тасымалдау қызметімен қамту |
| 4 | "Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ | Жартылай стационар жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету | 9 770,8 | Мүгедектігі бар балаларға жеке оңалту бағдарламаларға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету |
| 5 | "Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ | Бөрлі ауданында белсенді ұзақ өмір сүру орталығы | 30 572,4 | Егде жастағы адамдарға бос уақыттарын өткізу, цифрлік сауаттылықтарын дамыту, емдік дене шынықтыру арқылы денсаулықтарын жақсарту, құқықтық және психологиялық көмек көрсету бойынша шараларды ұйымдастыру |
| 6 | "Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ | Бөрлі ауданындағы жүзу бассейнінде мүгедектігі бар балаларға Аква оңалту қызметтерін көрсету | 9 000,00 | Жүзу бассейнге 2 жастан 12 жасқа дейінгі балалардың аква реабилитологпен жаттығу үшін барууын ұйымдастыру. |
| 7 | "Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды әлеуметтендіру және қоғамға бейімдеу | 5 000,0 | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметiнде есепте тұрған адамдарды әлеуметтiк бейімдеу және оңалту мақсатында, оларға әлеуметтiк-құқықтық, психологиялық қызмет көрсетудi, жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді, және басқа да көмек көрсетуді ұйымдастыру |
| 8 | "Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ | Аутизм спектрінің бұзылуы бар балаларды сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсету | 14 400,00 | Аутизм спектрінің бұзылуы бар балалардың мінез-құлығын және қатысымын түзету, балаларды қоғамға қосуға жағдай жасау, оларды дамыту мен өзін-өзі жүзеге асырудың тең мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету |
| Жиынында | 120 972,20 | |||
| 137 942,10 | ||||