Қазақстан Республикасының "Электр энергетикасы туралы" және "Жылу энергетикасы туралы" Заңындағы өзгерістер туралы түсініктемелер.

     2024 жылғы 8 шілдеде Қазақстан Республикасының "Жылу энергетикасы туралы" Заңы қабылданып, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылу энергетикасы, электр энергетикасы және реттеліп көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бақылау функцияларын күшейту үшін, энергетикалық ұйымдарда "өндірістік бақылау" және "қашықтықтан бақылау" институттары енгізілді.

     Электр энергетикасы саласындағы өндірістік бақылауды энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың өздері және жүйелік оператор жүзеге асырады, ал жылу энергетикасы саласында жылу энергетикасы объектілерінде жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілерде орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінде жүзеге асырылады.

Дата публикации
03 декабря 2024