Бөрлі ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 11 наурыздағы № 92 «Бөрлі ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және бағыттарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Бөрлі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Бөрлі ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 11 наурыздағы №92 «Бөрлі ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және бағыттарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспедегі «50-1 тармағына» деген сөздері «73 тармағына» деген сөздерімен ауыстырылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Имашевқа жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бөрлі ауданының әкімі Е.Ихсанов