Аудан әкімі аппараты басшысының 2019 жылдың 4 желтоқсанындағы №35 бұйрығымен бекітілген ішкі бақылау жоспарына сәйкес IІІ тоқсанда 2 мекемеде: ауыл шаруашылық бөліміне және Ақсай қаласы әкімінің аппараты ішкі бақылау жүргізілді.
Ішкі бақылау барысында қызмет алушылар тарапынан жергілікті атқарушы органдарға және қызмет берушілерге келіп түскен шағымдар жоқ екендігі анықталды.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылдың 18 қыркүйектегі №983 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес Бөрлі ауданының (14) қала және ауылдық округ әкімі аппараттары және (10) дербес бөлімі мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2020 жылдың IІІ тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы – жеке тұлғаларға-5574 және заңды тұлғаларға-117 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:
- жергілікті атқарушы органдармен тікелей қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – жеке тұлғаларға-238 және заңды тұлғаларға-22;
- «электрондық үкімет» веб-порталы және ХҚКО арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – жеке тұлғаларға-2821 және заңды тұлғаларға-56;
- қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтерің саны – жеке тұлғаларға-2515 және заңды тұлғаларға-39.
- мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 0.
2020 жылдың IІІ тоқсаны бойынша Бөрлі ауданы бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бойынша барлығы 1193 қызмет көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 151 бұйрығы «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-тарауына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады және мемлекеттік қызмет көрсету нысаны қағаз түрінде деп көрсетілген.
Алайда , Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген тізілімде аталған қызмет "электрондық үкіметтің" веб-порталымен көрсетілетіні және мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электронды деп бекітілген.
Сонымен қатар, egov.kz веб-порталында аталған қызметке онлайн сұрау барысында https://elicense.kz/ сайтына сілтеме жасалып, ауысады. Аталған сайтқа өтінім беру кезіндегі екінші қадамда міндетті түрде жер комиссиясының қорытындысын салу талап етілген . Алайда, аталған құжат өтініш қаралғаннан кейін беріледі.
Жоғарыда баяндалғандар негізінде, аталған мемлекеттік қызметтер қағаз түрінде көрсетілуде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша, қызмет алушыларды, мүдделі мемлекеттік органдарының, азаматтық қоғам ұйымдарының және БАҚ-ның өкілдерін қатыстыра отырып, дөңгелек үстелдер түрінде жиындар қажеттілігіне қарай өткізілуде.