Бөрлі ауданының 01.05.2024 жылға арналған әлеуметтік экономикалық дамуы

БӨРЛІ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ

ӨНЕРКӘСІП

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 082,2 млрд. теңгені құрады, бұл нақты көлем индексі (НКИ) бойынша 2023 жылдан 2,8% - ға артық.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

            Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1 698,4 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы деңгейден 1,0% - ға кем (НКИ)

            Ет өндірісі 2023 жылмен салыстырғанда 887,7 тоннаны немесе 108,2%, сүт – 3258,5 тоннаны (102,1%), жұмыртқа-1190,2 мың дананы (102,7%) құрады.

            2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ірі қара мал басының саны 26,8 мың басты немесе 2023 жылдың ұқсас күніне 99,7% құрады, оның ішінде сиыр – 10,9 мың бас (115,0%), қой – 31,5 мың бас (99,1%), ешкі – 2,7 мың бас (68,5%), жылқы- 9,7 мың бас (116,2 %),  құс – 32,1 мың бас (99,4%).

            ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 97,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы деңгейден 3,6% - ға кем.

14,3 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 17,2%-ға кем.

            ҚАРЖЫ

            2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке 98,4 млрд.теңге, оның ішінде жергілікті бюджетке – 5729,4 млн. теңге (2023 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 29,1% артық) жиналды.

КӘСІПКЕРЛІК

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 5108 шаруашылық жүргізуші субъект тіркелген, оның ішінде 4776 субъект немесе тіркелген субъектілер санының 93,5% - ы жұмыс істейді.

ШОБ субъектілері 2023 жылға 291,8 млрд. теңгеге немесе 2022 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне 19,9% - дан кем өнім өндірді.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 8 903,4 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы деңгейден 1,4% - ға артық.

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ

2024 жылдың 1 мамырына жұмыссыздар саны 1252 адамды құрады (7,9%). Жұмыспен қамтылғаны 337 адам, бұл көрсеткіш 2023 жылдың деңгейінен 81,8%-ды құрады.

2023 жылы орташа айлық жалақы 563 078 теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезең деңгейінен 3,3%-ға көп.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Денсаулық сақтау жүйесі 23 медициналық ұйымнан тұрады, соның ішінде 1 аудандық аурухана, 3 дәрігерлік амбулатория, 6 ФАП, 13 медициналық пункт кіреді.

БІЛІМ БЕРУ

24 жалпы орта білім мектеп, 1 кешкі мектеп жұмыс жасайды. Ауданда 30 оқушыға          2 мектеп жанындағы  интернат бар.

2 колледж, 26 мемлекеттік балабақша, 1 жеке балабақша, 4 қосымша білім беру ұйымы, 1 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті жұмыс жасайды.

МӘДЕНИЕТ

26 кітапхана, 22 мәдени-демалыс ұйымдары, 1 музей, 1 киноқондырғы жұмыс істейді.

 

Дата публикации
27 мая 2024