БУМАКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ БӨРЛІ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 2- тармақтарына сәйкес 2024 жылы 2 маусым күні Бөрлі ауданы Бумакөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына және 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 3 маусымдағы №14 шешімімен Бумакөл ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:

Каймулдинов Нарынбек Утегенович, 1988 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Бумакөл ауылында тұрады, өін өзі ұсынды.

 

               Е.Каржауов,

Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

 

Дата публикации
03 июня 2024