Бөрлі ауданының Бумакөл ауылдық округі әкімінің сайлауы қорытындылары туралы Бөрлі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

       Бөрлі  ауданының  сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бөрлі  ауданының Бумакөл  ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

       Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 698  азамат енгізілді, оның ішінде - 404 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны –  11, «Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 8 .

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бикеев А.Б.  –  37  (9,6 %);

Каймулдинов Н.У. – 321 (83,4 %);

Шакирова Ж.Б.  – 27 (7 %).

       Бөрлі  ауданының Бумакөл  ауылдық округінің әкімі болып Нарынбек  Өтегенұлы  Каймулдинов сайланды, 1988 жылғы,  Бумакөл ауылдық округінің әкімі,   Бөрлі ауданы Бумакөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.

 

 Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы  

Дата публикации
02 июня 2024