Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Бумакөл ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Ақсай  қаласы   

24.04.2024

№ 1  қаулы                                                                                             

 

 

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы

Бөрлі  ауданының Бумакөл ауылдық округі

әкімінің сайлауын  2024 жылғы  02 маусымға

тағайындау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының    8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 1- тармағына сәйкес Бөрлі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Бумакөл ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 02 маусымға тағайындалсын.
  2. 2023 жылғы 02 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Бумакөл ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы шешімнің көшірмесі Бөрлі ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы шешім аудандық «Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести» қоғамдық – саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында жариялансын.
  6. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Төрағасы                               Е.Каржауов

Дата публикации
24 апреля 2024