Бөрлі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша талдамалық анықтама

1.Жалпы ақпарат

2023 жылдың І тоқсанында 1 953 қызмет көрсетілді.

Соның ішінде,

  • көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны-19
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны –59
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде («электроннық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) саны-0
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы («электроннық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –0

 

 

Электрондық түрде көрсетілген қызметтер саны:

  • egov.kz портал арқылы- 530
  • elicense.kz порталы- 636
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы-321
  • Проактівті-4
  • Ақпараттық жүйелері арқылы-384 (Рынок труда-0, е-собес-346, ИС «Социальная помощь», kezekte.kz-38, Baspana market)

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 81 қызметке дәлелді бас тарту жасалды.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 25, оған
2 142 тұрғын тартылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында І тоқсан қорытындысы бойынша сауалнамадан 263 тұлға өтті. 

  1. Проблемалық мәселелер

           «Е-Собес», «Әлеуметтік көмек», «Еңбек нарығы», «Шетелдік жұмыс күші» ақпараттық жүйелер арқылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметтері көрсетіледі.  Мамандар түскен өтініштерді қабылдап, құжаттарды тексеріп, шешім шығарып, басшыға қол қойю үшін ақпараттық жүйе арқылы жолдайды. Басшы қол қойғаннан кейін мемлекеттік қызмет көрсетілгені туралы хабарландыру қызмет алушыға кетеді. Басшы немесе жауапты маман еңбек демалысына, іс сапарға кеткен кезде ақпараттық жүйелерде басшыны, жауапты маманды ауыстыру тетігі қарастырылмаған. 

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 371 бұйрығымен  «Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бекітіліп, қызметті ұсыну жолы «электрондық үкімет» веб-порталы және мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны электронды (толық автоматтандырылған) деп көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету www.elicense.kz ақпараттық жүйесі мен нормативтік актілерде аталған мемлекеттік қызметтен бас тарту – берілген рұқсат қағаздан бас тарту (өтініш нысаны, процессі) көрсетілмеген, бүгінгі күні еркін түрде өтініш қабылданып, өтініштер Е-өтініш платформасы арқылы тіркеліп орындалуда.

Мемлекеттік қызметті орындау кезінде қосымша салық органдарына хат – қызмет алушылар тізімі жолданады және мемлекеттік қызметтен бас тартылғанда қосымша хат – салық төлемдерін тоқтату туралы тағы хат жолданады.  Мемлекеттік қызмет көрсету процессін жеңілдету мақсатында www.elicense.kz ақпараттық жүйесіне  тиісті аймақтың салық органдарын енгізу және рұқсат қағаздан бас тартуға www.elicense.kz ақпараттық жүйесі арқылы мүмкіндік жасауды ұсынады.

Дата публикации
11 апреля 2024