Аудан әкімі аппараты басшысының 2019 жылдың 4 желтоқсанындағы №35 бұйрығымен бекітілген ішкі бақылау жоспарына сәйкес I тоқсанда 2 мекемеде: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі және жер қатынастары бөліміне ішкі бақылау жүргізу жоспарланған.Алайда, тек тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ішкі бақылау жүргізіліп, аудан әкімі аппараты басшысының 2020 жылдың 20 наурызындағы №41 бұйрығымен жер қатынастары бөлімінің ішкі бақылау іс-шарасы кейінге қалдырылды.
Сонымен қатар, ІІ тоқсан жоспарына сәйкес экономика және қаржы бөліміне, сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына ішкі бақылау жүргізу жоспарланды.
Ішкі бақылау барысында қызмет алушылар тарапынан жергілікті атқарушы органдарға және қызмет берушілерге келіп түскен шағымдар жоқ екендігі анықталды.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылдың 18 қыркүйектегі №983 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес Бөрлі ауданының (14) қала және ауылдық округ әкімі аппараттары және (12) дербес бөлімі мемлекеттік қызмет көрсетеді.
2020 жылдың IІ тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы – жеке тұлғаларға-1359 және заңды тұлғаларға-60 мемлекеттік қызмет көрсетілді, соның ішінде:
- жергілікті атқарушы органдармен тікелей қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – жеке тұлғаларға-110 және заңды тұлғаларға-25;
- «электрондық үкімет» веб-порталы және ХҚКО арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – жеке тұлғаларға-483 және заңды тұлғаларға-9;
- қызмет берушінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтерің саны – жеке тұлғаларға-766 және заңды тұлғаларға-26.
- мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 0.
2020 жылдың IІ тоқсаны бойынша Бөрлі ауданы бойынша өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бойынша барлығы 2328 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша, қызмет алушыларды, мүдделі мемлекеттік органдарының, азаматтық қоғам ұйымдарының және БАҚ-ның өкілдерін қатыстыра отырып, дөңгелек үстелдер түрінде жиындар қажеттілігіне қарай өткізілуде.