Бөрлі ауданының Приурал ауылдық округі әкімінің сайлау
қорытындылары туралы Бөрлі аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
2023 жылғы 10 желтоқсанда Бөрлі ауданының Приурал ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бөрлі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бөрлі ауданының Приурал ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Приурал сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 837 азамат енгізілді, оның ішінде - 611 дауыс берді.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Акмамбетов Д.Т. – 531 (86,9 %);
Кабулов Д.Е. – 45 (7,4%);
Шукатова А.М. – 35 (5,7 %).
«Барлығына қарсы» деген жолда белгісі бар – 37, жарамсыз бюллетеньдер саны – 9.
Приурал ауылдық округінің әкімі болып Акмамбетов Дастан Тлеккалиевич сайланды, 1974 жылғы, Бөрлі ауданының тұрғын үй,коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Бөрлі ауданының Ақсай қаласында тұрады. Өзін-өзі ұсынған.
Бөрлі аудандық аумақтық сайлау комиссиясы