Қаратөбе ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс

-АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 бабына және Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №

518 бұйрығына сәйкес Қаратөбе ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын,  ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсты 2023 жылғы 26 сәуірде  сағат 1000 да өткізеді. Өтетін орны: Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы, Ғ.Құрманғалиев  көшесі, 2  мекен-жайы бойынша  « Қаратөбе орталықтандырған кітапхана жүйесі »ММ ғимараты.

Дата публикации
13 апреля 2023