2022 жылы 7 желтоқсан күні "Қоғамдық сананы жаңғырту» кіші бағдарламасын іске асыру, Бөрлі ауданының рухани және мәдени құндылықтарын насихаттау мақсатында «ТАМЫРЫ ТЕРЕҢ ТУҒАН ЖЕР: ТАРИХ ЖӘНЕ ТАҒЛЫМ» тақырыбында мемлекеттік қызметшілері үшін, мектеп мұғалімдері, өлкетанушы, мәдениет қызметкерлері, аудандық ардагерлер кеңесі, қоғамдық келісім мүшелері, аудан жастары және БАҚ өкілдері үшін кездесу ұйымдастырылды. Аталған шара Әдеп жөніндегі уәкіл Ерік Төлепқалиевтің ұсынысы негізінде аудандық ішкі саясат бөлімімен ұйымдастырылды. Спикерлер -А.Батырханов-Үздік өлкетанушы, Ұлы отан соғысы жылдарын зерттеуші.М.Маметова музей-үйінің меңгерушісі; Қалменов Мұрат Дабылұлы-Тарих ғылымдарының кандидаты, археолог; Қабжанов Қазбек Құттымұратұлы-Журналист, баспасөз зерттеушісі, Өлкетанушы; Нұрлан Сәдір-БҚО халық шығармашылығы орталығының редакторы, өлкетанушы