Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36 бабына сәйкес Бөрлі ауданы Пугачев ауылдық округінің әкіміне мына тұлғалар кандидат болып тіркелді:
- Изтелеуов Мереке Нурланович, 1971 жылы туылған, Бөрлі аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, Ақсай қаласының тұрғыны.
- Қамидоллаұлы Нұрдәулет, 1994 жылы туылған, Бөрлі ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, Ақсай қаласының тұрғыны.
- Ташенбаев Муратбек Маликович, 1992 жылы туылған, «Бөрлі ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-де сәулет және қала құрылысы секторының меңгерушісі, Ақсай қаласының тұрғыны.
Бөрлі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ж.Каналин
Бөрлі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Л.Сыикова