
Статистикалық деректер бойынша 2024 жылдың қаңтар-мамырында мал шаруашылығы өнімі – 2 334,2 млн теңге, 2023 жылдың кезеңіне сәйкес – 102,9%.
Өсімдік шаруашылығы
Бөрлі ауданы бойынша 2024 жылға ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңы 64776 гектарға жоспарланып, 65982 гектарға егілді. Орындалуы 102%.
Дәнді дақылдардың жалпы ауданы 19700 гектарға жоспарланып (күздік дәнді дақылдар – 2990 га, жаздық дәнді дақылдар – 16710 га), 20281 гектарға егілді. Орындалуы 103%.
Майлы дақылдар 7450 гектарға жоспарланып, 7550 гектарға егілді. Орындалуы 101%.
Картоп 155 гектарға жоспарланып, 140 гектарға егілді. Орындалуы 90%.
Көкөніс 150 гектарға жоспарланып, 88 гектарға егілді. Орындалуы 59%.
Бақша 25 гектарға жоспарланып, 13 гектарға егілді. Орындалуы 52%.
Мал азықтық дақылдар 37296 мың га алқапта (біржылдық және көпжылдықтардың жалпы ауданы 5650 га) жоспарланып, 37910 гектарға егілді. Орындалуы 102%.
ЖЖМ қамтылуы
Ауданның көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін арзандатылған 591 тонна жанар-жағар май 34 ауыл шаруашылық құрылымына бөлінді. Операторы болып "Нэфтэк Оперейтинг"ЖШС анықталды. Бағасы литріне 239 теңгені құрады.
Мал шаруашылығы
2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ірі қара мал басы –26224 құрайды. 2023 жылдың кезеңіне сәйкес көрсеткіш 93,9%, жылқы – 9916 бас (117,1%), қой – 33028 бас (99%), ешкі – 2783 (70,2%), шошқа – 431 бас (100%), құс – 31794 бас (98,1%).
2024 жылдың қаңтар - мамыр айларында тірі салмақта союға 1226,8 тонна мал және құс еті өткізілді немесе 2023 жылдың тиісті кезеңіне 104%. Шаруашылықтың барлық санаттарында сиыр сүтін өндіру көлемі 4448 тоннаны (102,3%) құрады, тауық жұмыртқасы 1752,5 мын.дана (102,8%) өндірілді.
Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы:
Қазақстан Республикасының «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы №372-V заңына сәйкес, Бөрлі ауданы бойынша 27 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркелді.
Бүгінгі күнде 7 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс жасап тұр. Олар: «СПК Алға», «Тінәлі Агро», «Элина и Айша, «СНС Агро», «Қарағанды-Асыл тұқым», «АЛИРАХИМ» «СПК Арай».
«Қарағанды-Асыл тұқым» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі етті бағыттағы селекциялық-асылдандыру жұмыстарына қатысуда.
«СПК Алға», «СНС Агро», «АЛИРАХИМ» «СПК Арай» кооперативтері 2023 жылы сүтті бағыттағы мал шаруашылығы бойынша «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысты.
Жобалар
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өндірісінің көлемін арттыру мақсатында келесі инвестициялық жобалар жүзеге асыру жоспарлануда.
Ақсу ауылдық округінде «Достық–Қоныс» ЖШС -3000 басқа арналған бордақылау алаңынын құрылысы. Жоба құны 2,5 млрд теңге. Жобаның іске қосылу мерзімі 2026 жыл. 35 жаңа жұмыс орыны ашылу көзделуде.
Пугачев ауылдық округінде «Amanat» ШҚ - 600 басқа арналған сүт-тауарлы фермасын салу. Жоба құны 2,6 млрд теңге. Жобаның іске қосылу мерзімі 2025 жыл. 35 жаңа жұмыс орыны ашылу көзделуде.
Жарсуат ауылдық округінде «Жарсуат» ЖШС – 900 гектарға дейін суармалы жерді қалпына келтіру. Жоба құны 1 млрд теңге. Жобаның іске қосылу мерзімі 2025 жыл. 15 жаңа жұмыс орыны ашылу көзделуде.
Механикаландыру
Бөрлі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінде 2024 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында 115 тұлға көлік құралдарын есепке қойып, 115 дана техникалық паспорт пен 108 дана мемлекеттік нөмірлік белгі берілді. 87 көлік иесі 141 бірлік көлік құралдарын жыл сайынғы мемлекеттік байқаудан өткізді. 27 жеке тұлға тракторист-машинист куәлігін айырбастады. 10 тұлға көлік құралдарын кепілге қойып, кепілдік шартын мемлекеттік тіркеуден өткізіп, 10 дана кепіл куәлігін алды, 4 тұлға көлік құралдарын кепілден шешті.
Бөлім басшысының бекіткен жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау кестесіне сәйкес 2024 жылғы 13 мамыр мен 17 мамыр аралығында ауылдық округтерде 2024 жылға мемлекеттік техникалық байқау өткізілді.
Бөрлі ауданы бойынша ауыл шаруашылық техникасын 2024 жылғы жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу
Кестесі
|
№ |
Ауылдық округтер атауы |
Өтетін күні |
Өтетін жері |
|
1 |
Акбулақ а/о |
13.05.2024 г |
Акбулак с-сы |
|
2 |
Ақсу а/о |
13.05.2024 г |
Аксу с-сы |
|
3 |
Достық а/о |
13.05.2024 г |
Достық с-сы |
|
4 |
Бумакөл а/о |
15.05.2024 г |
Бумакөл с-сы |
|
5 |
Бөрлі а/о |
14.05.2024 г |
Бөрлі с-сы |
|
6 |
Жарсуат а/о |
15.05.2024 г |
Жарсуат с-сы |
|
7 |
Қанай а/о |
14.05.2024 г |
Канай с-сы |
|
8 |
Қарағанды а/о |
16.05.2024 г |
Қарағанды с-сы |
|
9 |
Қарақұдық а/о |
16.05.2024 г |
Тихонов с-сы |
|
10 |
Кеңтүбек а/о |
16.05.2024 г |
Кентубек с-сы |
|
11 |
Приурал а/о |
15.05.2024 г |
Приурал с-сы |
|
12 |
Пугачев а/о |
14.05.2024 г |
Пугачев с-сы |
|
13 |
Успен а/о |
17.05.2024 г |
Успен с-сы |