
Өнеркәсіп өнімдері саласында 2019 жылдың қорытындысы бойынша 2378,1 млрд. теңге көлемінде өнім өндіріліп (2018 жылы – 2471,3 млрд. теңге), соның ішінде тау-кен өндірісі және өңдеу өнеркәсібі саласында - сәйкесінше, 2105,4 млрд. теңге (2018 жылы – 2209,3 млрд. теңге) и 215,4 млрд. тенге (2018 жылы – 200,4 млрд. теңге) көлемінде.
Өнеркәсіп өнімдері саласының физикалық көлем индексі 93,9% құрап, 2018 жылмен салыстырғанда тау-кен өндірісі саласындағы өндіріс көлемінің 7,3%-ға қысқаруымен негізделген, соның ішінде:
- табиғи газ – 19 ,496 млрд. текше метр (98,5%);
- газды конденсатты қоса алғандағы мұнай – 11,566 млн.тонна (92,6%).
Тау – кен өндірісі саласындағы аталған кезеңіне сәйкес өндіріс көлемінің қысқаруы мұнай өндірісі көлемінің азаюына негізделген. Соның ішінде газ конденсаты – 7,4 % және табиғи газ – 1,5 % төмендеуі жерасты ұңғымаларында судың коп болуына байланысты еңбек өнімділігінің төмендеуімен және 2019 жылдың қыркүйегінен бастап ағымдағы жылдың 14 қазанына дейін (КПО б.в.) Қарашығанақ кен орны тарихындағы ең ірі жоспарлы-профилактикалық жөндеу жұмыстарының жұргізілуімен түсіндіріледі.
КПО б.в. бойынша
Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны базасындағы өндіріс көлемі:
- газ - 18,675 млрд.текше метр (2018 жылы – 18,967 млрд.текше метр), ол облыс бойынша өндіріс көлемінің 95,9%;
- сұйық көмірсутектер (мұнай және конденсат) – 11,309 млн. тонна (2018 жылы- 12 205,0 млн.тонна) ол облыс бойынша өндіріс көлемінің 97,8 %;
Жоспарлы ескерту жұмыстарын жүргізу барысында КПО б.в. кен орнының барлық өндірістік нысандары, соның ішінде Қарашығанақ өңдеу кешені, УКПГ-2, УКПГ-3 және өнімді жинау жүйесі толығымен тоқтатылған.
Жоспарлы ескерту жұмыстарын жүргізу кезінде келесі жұмыс түрлері орындалды:
жобасына арналған байламдар.
жобасына арналған байламдар
Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны негізінде (КПО б.в.) бесінші мұнай құбырының құрылысы 2019 жылы аяқталды.
Сонымен қатар кен орнында өндірістік нысандарды салу/модификациялау бойынша бірқатар жобалар іске асырылуда және іске асыру жоспарлануда.
Бұл жобалар өндірістің тиімділігін оңтайландырады және арттырады,кәсіпорынның сенімділігін,тұтастығы мен эксплуатациялық сенімділігін одан әрі жақсартады, сонымен қатар өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаға әсерді азайту үшін өнімділігін арттырады немесе жетілдіреді.
Іске асырудың әртүрлі кезеңдеріндегі өндіру көлемдерін арттыруға бағытталған жобалар құрамына мыналар кіреді:
Қосымша жобалардың әлеуетін бағалау мақсатында тұжырымдамаларды бағалау, таңдау және іске асыру бойынша одан әрі өндіру көлемін кеңейту жұмыстары жоспарлануда, атап айтқанда жердегі желіні жаңарту, қосымша өндірістік қондырғылар және қосымша ұңғымалар / балама жобалар.
КҚК-да газға өндірістік шектеулерді алып тастау жобасы
Іске асыру кезеңі: қыркүйек 2018 –наурыз 2021 ж.
КҚК-да газға өндірістік шектеулерді алып тастау жобасы газ факторларын (ұңғымалардағы газ көлемінің артуы(су,газ және мұнай қоспасы) көтеру арқылы ұлғайған газ көлемін дайындау, ОГӨЗ-на сұйық көмірсутектерді сұрыптауды және газды жеткізуді, коллекторға кері айдау көлемін арттыру қосымша нысандарды енгізуді қамтамасыз етеді.
Жобаның міндеті қауіпсіз түрде сұйық көмірсутегі өндірісін жақсарту арқылы кірісті көбейту:
КҚК-да газға өндірістік шектеулерді алып тастау жобасы бойынша негізгі құрылыс жұмыстары өндірісінің келісімшарты ЖШС «ККС-Сичим», қазақстандық–итальяндық бірлескен кәсіпорындарға берілген(50/50).
Қазіргі таңда жоба кәсіпшілік қызмет көрсету сатысының 2-ші Кезеңінде. Ол 11 млн.тонна сұйық көмірсутек және 16,5-17,5 млрд.текше метр газ өндірісінің жыл сайынғы көлемімен сипатталады.
Сонымен қатар, КҚК-да газға өндірістік шектеулерді алып тастау жобасы жобасы кен орнындағы аталған инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ресурс болады.
Бұл жоба 2037 жылға дейін Қазақстан Республикасының бюджетіне 3,2 млрд. АҚШ доллары көлемінде қосымша табыс әкелетін, бюджеті 1,1 млрд. АҚШ долларын құрайтын ең ірі инвестициялық жобалардың бірі. Осы жоба аясында тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтудың минималды үлесі персоналды жалдау кезінде 40% және 75% құрайды.
Көрсетілген жоба жылына 4 млрд.текше метр газ шикізатының қосымша көлемін қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Газдың бұл көлемі сұйық көмірсутектердің өндірісін максималды арттыру үшін резервуарға кері айдау әдісі пайдаланылады, өндірудің қосымша өсімі шамамен 10 млн.тоннаны құрайды.
Газды кері айдау бойынша 4-ші компрессор жобасы (4ГКАК);
Іске асыру кезеңі: 2013 – желтоқсан 2022 ж.
Статус – ПЗС4-КЗГ бойынша тек Қазақстандық серіктестіктермен жасалатын жұмыс 40% кем болмауы талабымен тендр өткізілді.
Келісім-шарт қазақстандық-итальяндық консорциумына (Бонати-МСС) берілді, оның 46 %қазақстандық серіктес орындайды. Келісім-шартБҚО инфрақұрылымына 25 млн. АҚШ доллары инвестиция тартуға мүмкіндік береді. 2020 жылдың ҚР азаматтары үшін 1237 жұмыс орны құру жоспарлануда.
Қарашығанақты дамыту жобасы 1-кезең.
Бүгінгі күнде Қарашығанақты дамыту жобасының негізгі жобалауы аяқталды.
Құрылыс жұмыстары 2023-2025 жылдарға жоспарланып отыр.
Нысанды пайдалануға беру мерзімі – 2025 жыл.
Жоба Қарашығанақ кен орнындағы өндіріс көлемін қол жеткізілген деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік беретін шикі газды дайындау және резервуарға кері айдау қабілеттілігін (қуаттылығын) арттыруды көздейді.
Жоба аясында жинау жүйесін құру, қосымша газ өңдеу және қайта айдау қондырғысын салу, жаңа айдау ұңғымаларын бұрғылау және қосу және т.б. жоспарланған.
Сонымен қатар 2020 жылдың қаңтар 2022 желтоқсан аралығында КПО б.в. жаңа кеңсесінің құрылысы жоспарлануда.
«Жайықмұнай» ЖШС бойынша
«Жайықмұнай» ЖШС 2019 жылдың қорытындысы бойынша өндіру көлемі:
Аталған кәсіпорынмен №3 газды кешенді тазарту қондырғысының (ГКТҚ-3) құрылысы бойынша жоба жүзеге асырылды.
Бұл жобаның іске қосылуы газ өндіруді жылына 2,5 млрд. текше метрге арттырады. Қазіргі таңда өңдеу қуаты жылына 1,2 млрд. текше метрді құрайды. Жалпы, табиғи газ үшін бұл жылына 3,7-3,8 млрд текше метрді құрайды.
Осылайша, Батыс Қазақстан облысының басқа өңірлерден жеткізілетін газға тәуелділігі айтарлықтай төмендейді. Мұнайдың 15%-ын ішкі нарыққа жолданады, ал конденсат негізінен Еуропа елдеріне экспортталады деп жоспарлануда.Сұйылтылған көмірсутектің 2300 тоннасы облыс қажеттіліктеріне бағытталады.
Өңдеу өнеркәсібі саласында 2019 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 8,9 %-ға ұлғайды, өсімге келесі салаларда өндіріс көлемін арттыру есебінен қол жеткізілді: машина жасау саласында (в 1,3 есеге), металлургия саласында (в 1,6 есеге), дайын металл бұйымдары өндірісі саласында (в 1,7 есеге), химия өндірісі саласында (1,2 есеге) ұлғайып, 215,4 млрд. теңге көлемінде өнім өндірілді.
Машина жасау саласында жалпы құны 44,1 млрд.теңге өнімі өндіріліп, 2018 жылмен салыстырғанда 1,3 есеге артты. Саладағы өндіріс көлемінің артуына «БҚМЖК» АҚ негізінде мұнай жабдықтары және «Орал трансформатор зауыты» ЖШС негізінде күш трансформаторлары және «Орал механикалық зауыты» ЖШС негізінде иінді біліктер өндірісінің артуы оң әсер етті.
Металлургия саласында жалпы сомасы 27,8 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, 2018 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 1,6 есеге артты. Саладағы өндіріс көлемі «ТМК-Казтрубпром» ЖШС негізінде өндірілетін сорғы-компрессорлық құбырлар өндірісінің және «ОҚМЗ» ӨК негізінде шойынды құю өндірісінің артуымен байланысты.
Дайын металл бұйымдары өндірісі 2018 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге артып, саладағы өндіріс көлемі 12,7 млрд. теңгені құрады. Саладағы өндіріс көлемінің артуына «Казармапром» ЖШС негізінде ұнтақтағыш шарлар өндірісінің өсуі оң әсер етті.
Құрылыс саласында жалпы сомасы 15,6 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, 2018 жылмен салыстырғанда ФКИ 92,5% құрады. Аталға сала бойынша өндіріс көлемінің кысқаруына «Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» АҚ силикатты кірпіш өндірісі және «Стройкомбинат» ЖШС мен «Гидромаш-Орион «МЖБК».ЖШС кәсіпорындарындағы тауарлық бетон өндірісі көлемінің қысқаруымен негізделген.
Мұнай өнімдерін қайта өңдеу саласында «Конденсат» АҚ шикізаттың жеткіліксіздігіне байланысты жалпы сомасы 26,9 млрд теңге немесе 74,7% көлемінде өнім өндірілді.
Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібі саласында еңбек өнімділігі ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында адам басына шаққанда 8,4 мың АҚШ долларын құрап, 10,8% артты.
Өңдеу өнеркәсібі саласында экспорт көлемі осы жылдың 6 ай қорытындысы бойында 125,4 млн. АҚШ долларын құрады.
Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібіндегі экспорт туралы мәліметтерді қалыптастыру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті экспорт туралы ақпаратты тек ЕАЭО елдеріне орналастырады. Бұл көрсеткішті есептеу кезінде өндірушілердің де, сауданы жүзеге асыратын кәсіпорындардың да деректері ескеріледі. Статистикалық органдар өндірушілердің жеке есебін жүргізбейді
Жалпы алғанда,өңдеу өнеркәсібі саласындағы экспорт өнімдері бойынша жүргізілген талдау, негізгі экспорттаушы кәсіпорындар сыртқы нарықтарға өнімді жеткізу көлемін ұлғайтқанын көрсетеді. Олар:
- «ОТЗ» ЖШС трансформатордың жеткізу көлемі;
- «КазАрмапром» ЖШС ұсақтағыш шарлар;
- «КазТрубпром» ЖШС – сорғы компрессорлы құбырлар;
- «ОМЗ» ЖШС РФ ауылшаруашылығы қажеттіліктеріне иінді біліктер;
- «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС полиэтиленді құбырлар;
- «Стеклосервис» ЖШС стеклопакеттер және т.б.
Аталған салада экспорт көлемінің төмендеуі «Конденсат» АҚ кәсіпорынындағы мұнай өнімдерін өндіруге шикізаттың жеткіліксіздігі сыртқы нарыққа мұнай өнімдері өндірісі көлемінің қысқаруымен негізделеді.
«Конденсат» АҚ 2019 жылдың қорытындысы бойынша 2018 жылмен салыстырғанда 47 % көрсетіп, мұнай өнімдері өндірісінің көлемі 96 602 тонна және 12,4 млрд. теңгені құрады. Зауыттың жүктемесін толық көтерсе 2020 жылы 72,9 млрд.теңгеге жету мүмкіндігі бар. Кәсіпорынмен өндірілген өнімнің 50 % РФ нарығына шығарылады. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне жер қойнауын пайдаланушылар «Конденсат» АҚ конденсатына шикізатты жеткізуде, бекітілген квоталарға сәйкес, қазақстандық өндірушілердің мұнай тасымалдау кестесіне сәйкес көмек көрсету қажет.
Сонымен қатар, экспорттың өсуіне кедергі келтіретін жүйелік мәселелерде бар. Кәсіпкерлер Ресей Федерациясына жөнелтілген тауарларды кедендік бақылау аумағында уақтылы жөнелту мәселесіне тап болады.
2015 жылғы 29 желтоқсандағы №718 бұйрықтың «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы №640 «Мемлекеттер арасындағы өзара сауданың қозғалысында жекелеген тауарларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының 8 тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері тізімге енгізілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағына экспорттау кезінде, жеткізілім құжаттары ұсынылады (тауарлардың декларациясы мен электронды шот-фактуралардың қағаз көшірмелері МКБ мөрімен куәландырылған). Салық төлеуші МКБ-не тауардың электронды шот-фактуралары мен декларацияның көшірмелерін және тауарларды шығаруға арналған құжаты ретінде растайтын өтініш береді.
Мәселен, егер кәсіпкер жұма күні құжаттарды тапсырса, онда жүк тиелген машина келесі аптаға дейін күтеді, өйткені кәсіпкер ветеринарлық анықтаманы алғаннан кейін СТ-1 сертификатын алады, содан кейін ЭШФ бойынша анықтама, содан кейін құжаттар жүктерді жөнелту құжаттарын таңбалау үшін мемлекеттік кірістер органдарына тапсырылады, бұл әсіресе тез бұзылатын өнімді экспорттайтын кәсіпкерлер үшін проблемалық мәселе болып табылады.
Осыған орай, ЕАЭО туралы келісім аясында ЕАЭО-қа көрші мемлекеттер арасында автоматтандыру және цифрландыру арқылы ақпарат алмасуды жолға қою қажет деп есептейміз.
Сондай-ақ теміржол көлігі мен электр энергиясының жоғары тарифтері сияқты проблемалар бар, олар өндіріс құнына негізделеді.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысында шешек ауруының басталуына байланысты Қазақстаннан Қытайға ет импортына тыйым салу экспорттың төмендеуіне әсер етті.
Сонымен бірге «БҚМК» АҚ-ның Әзірбайжан мен Арменияға арнайы өнімдерін экспорттау мәселесі шешілді, бұл өз кезегінде экспорттың артуына ықпал етеді. Мамырдан тамызға дейін төмендеу қарқыны 30,9% -дан 18,4% -ға дейін төмендегенін атап өткен жөн.
Қосымша: Барлық елдермен экспорттық деректерді кеден органдары жасайды, ал транзиттік тауарлардың экспорты да көрсеткіштерге әсер етеді.
Өңдеу өнеркәсібі саласы кәсіпорындарының өнімдерін, импортты алмастырушы жаңа өнім түрлерін игеру арқылы жылжыту мақсатында олардың қажеттіліктерін меңгеру бойынша ірі шетелдік компаниялармен кездесулер өткізілуде және осы мақсатта аймақтың, республиканың және басқа елдердің қатысуымен өндірісті бірлесіп дамыту мақсатында диалог алаңдары құрылуда.
2019 жылдың 21 қаңтарында машина жасау компанияларының делегациясы КПО б.в. барып, нәтижесінде аймақтың 4 кәсіпорыны («Зенит» Орал зауыты, БҚМК, «Гидроприбор» және Орал механикалық зауыты) клапан жөндеуге сынақ тапсырыс алды.
2019 жылдың ақпанында облыс делегациясы 4.0 жаңа технологиялық тәсілін цифрландыру элементтерін қолдана отырып дамыту бойынша Форум жұмысына атсалысты.
2019 жылдың 15 наурызында облыстың машинажасау компанияларынан тұратын делегация Атырау қаласында өткізілген жыл сайынғы VIII "Казнефтегазсервис – 2019» конференциясына қатысты.
Ағымдағы жылдың 22 мамырында Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в. өткізген жергілікті қамту бойынша Форум барысында ұзақмерзімді 4 келісімшартқа қол қойылып, ҚР-да машинажасау компанияларына жаңа тауарларды өндіруді игеру және көлемін арттыруға мүмкіндік беруге бағытталған трансформаторларды, фильтрлеуші элементтерді, мотор майлары мен басқа да тауарларды өндіру келісілді.
Сонымен қатар, байланыстарды кеңейту мақсатында 2019 жылдың 10 шілдесінде «Машзавод» облыстық машинажасау кәсіпорындарының Консорциумының базасында облыстың машинажасау компанияларының «Іскер» ЖШС (Ақтау) өкілімен В2В кездесулері өткізілді.
2019 жылдың 13 қыркүйегінде Инвестиция тарту және цифрландыру мәселесі бойынша өткен Форум шеңберінде отандық тауар өндірушілердің көрмесі өтті, нәтижесінде «Зенит» Орал зауыты» АҚ-мен Астана қаласының компанияларымен 2 меморандумға қол қойылды.
2019 жылдың желтоқсанында «Euroconsultants S.A. – Branch of Kazakhstan» мен ««Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ өкілдерінің қатысуымен Қазақстандық жеткізушілер қызметін дамыту жобасын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді.
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің тапсырысы аясында Дүниежүзілік банкпен қаржыландырылады.
Жоба ірі шетелдік және отандық компаниялардың жеткізушілеріне API, ASMЕ секілді халықаралық стандарттар бойынша сертификат алу үшін қолдау көрсету мақсатында құрылған. Батыс Қазақстан облысы бойынша жобаға қатысуға 26 кәсіпорын өтініш білдірді. Кәсіпорында бағалау бойынша -1 кезеңнен 23 кәсіпорын өтті және қызметтерін жақсарту мен дамыту бойынша алдын-ала жоспарлар мен ұсыныстар алды.
2020 жылдың 1 ақпанына дейін көрсетілген кәсіпорындар қызметін жақсарту мақсатында бірқатар іс-шаралар жүргізу керек. Әрі қарай, бизнестің жағдайын екінші бағалау, сондай-ақ трансұлттық компаниялармен ынтымақтастық орнату бойынша іс-шараларды өткізуге көмек көрсетіледі. Жоба API, ASME халықаралық стандарттарын енгізу шығындарын 70% -дан 90% -ға дейін өтейді.
Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 2019 жылы ««Qazindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-на экспорттаушылар шығындарының бір бөлігін өтеуге 12 өнеркәсіп кәсіпорыннан 21 өтініш жолданды. Болжамды өтеу сомасы - 215,1 млн. теңге, оның ішінде, экспротты жылжытуға 21,4 млн. теңге,логистикаға – 193,7 млн. теңге. Қазіргі уақытта шығындарды өтеу бойынша құны 52 млн. теңгені құрайтын 6 компаниядан 9 өтініш мақұлданды.